Shejire

Виктор Яковлевич Субботин

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Виктор Яковлевич Субботин (8 қыркүйек 1911 жылы Пермь облысында туған)- қазақстандық селекционер - зоотехник. Қаз АКСР - нің еңбек сіңірген зоотехнигі (1971).

Өмірі

Мәскеудің зоотехникалық институтын бітіріп (1935), Қарағанды облысы Тельман селосында, кейін Семей облысы "Шалабай" асыл тұқымды мал селосында аға зоотехник, 1938-47 жылдары Қаз АКСР Совхоздар халкомында зоотехник, аға зоотехник, бас зоотехник, зоотехника бөлімі бастығы. 1947-54 жылдары Қазақ АКСР Совхоздар министрлігі аппаратында зоотехния бөлімі бастығы, коллегия мүшесі, Солтүстік совхоздар басқармасы бастығының орынбасары, Мал шаруашлығы басқармасының бастығы, министрдің орынбасары. 1954-64 жылдары Қазақстан КП ОК-нде ауыл шаруашылығы бөлім меңгерушісінің орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-нің ауыл шаруашылығына басшылық ету бюросы председателінің орынбасары, 1964-65 жылдары Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрі. 1965 жылдан Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары

Еңбектері мен марапаттары

Субботин мал шаруашылығы жөнінде 20-дан астам ғылыми еңбек жариялады. Қазақтың ақ бас сиырын шығаруда селекциялық жұмыстағы еңбегі үшін (бір топ ғалымдармен бірге) Субботинге КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты атағы берілді (1951). 4 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Виктор Яковлевич Субботин
Туған жері
Кудымкар, Пермь өлкесі, Ресей империясы
Туған күні
8 қыркүйек 1911 (1911-09-08)
Азаматтығы
 Қазақстан КСРО (1922-1991) Ресей империясы (1911-1922)
Ғылыми аясы
зоотехния
Несімен белгілі
Қазақтың ақ бас сиырын шығаруының селекциялық жұмысымен
Қайтыс болған жері
Алматы, Қазақстан
Қайтыс болған күні
23 қазан 1994 (1994-10-23) (83 жас)