Shejire

Үшарал қаласы

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жетісу облысының картасы
Murat Karibay · CC0

Үшарал — Қазақстандағы қала (1984 жылдан), Жетісу облысы Алакөл ауданының орталығы (1928). Іргесі 1871 жылы қаланған.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км-дей жерде, Тентек өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы

Тұрғыны:

15 991 адам (2009); 16 234 адам (2010); 16 292 адам (2011); 16 396 адам (2012); 17 620 адам (2013).

Атауы

Қаланың батыс жақ тұсынан Тентек өзені үш тарамға бөлініп ағатын болғандықтан «Үшарал» атанған.

This is a my countries picture.
ASLANTORRET · CC BY-SA 3.0

Кәсіпорындары

20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін қалада қызмет атқарған ауыл шаруашылығы техника бірлестігі, баспахана, нан, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, орман шаруашылығы, көлік, құрылыс кәсіпорындары, мал дәрігерлік стансасы, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде АҚ, ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды.

Географиясы

Климаты

Инфрақұрылымы

Аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, санэпидстанса, дәріханалар, 5 орта мектеп, гимназия, музыка, спорт мектептері, ауыл шаруашылық лицейі, 2 балабақша, мәдениет сарайы, халық театры, мешіт, т.б. мекемелер бар. Қала арқылы республикалық маңызы бар Алматы — Талдықорған — Семей автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Künye

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Әкімі
Бағдат Әбілмәжинұлы Қарасаев
Ауданы
Алакөл
Облысы
Жетісу
Статусы
аудан орталығы
Тұрғыны
21 198[1] адам (2023)
Телефон коды
+7 72833
Пошта индексі
040200