Shejire

Үлкен Ақтөбе

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Үлкен Ақтөбе қалашығы – VII-XII ғасырлардағы қаланың орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мойынқұм ауданы, Көкжелек ауылынан солтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

Ескерткішті алғаш 1948 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) анықтап, зерттелінді. 1982, 1984, 1986 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық университеті) археология отряды (жетекшісі М.Е. Елеуов) жоспарын түсіріп, қазба жұмыстарын жүргізді. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов) қайта зерттеді.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қазіргі орны, бұрыштары әлемнің төрт тарапына бағытталған екі қабаттан тұратын төбе. Астыңғы төбешік орнының көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 м, батыстан шығысқа қарай 90 м, биіктігі 1 м. Төбешіктің ортасында тік төртбұрышты келген, көлемі 50 м, биіктігі 5 м екінші төбешік бар. Онда 8 мұнараның орны сақталған. Төрт мұнара алаңның төрт бұрышына, ал қалған төртеуі екі-екіден солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жақтарының ортасына орналасқан. Екінші алаңға кіру есігі шығыс қабырғасы жағында, оңтүстік-шығыс бұрыштағы мұнараға жақын. 1982-86 жылдары аралығында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде ескерткіштің батыс, оңтүстік-шығыс бөліктерінде ұзындығы 16 м, ені 1-1,6 м, тереңдігі 6,5 м жерді алатын қазба жүргізіліп, қалашықтың бекініс қабырғалары бес кезеңді қамтитындығы мәлім болды.

Бірінші кезең тегістелген әрі тапталған бос ағаш қалдықтары мен күл аралас (0,1-0,3 м) жатқан жерде крепостнойлық дуал пахсыдан көтеріліпті. Ені – 3 м, биіктігі 4,3 м. Қабырға сырт жағынан 80°-қа қисайған. Екінші кезеңі қабырғалардың ішкі жағынан жалданып, үгітіле бастаған, осы уақытта шикі кірпіштен – көлемі 45х23х10-12 см, 48х24х11-12 см – жөндеу орны қаланған. Жөндеу нәтижесінде бекініс қабырға биіктігі 5,8 м-ге жеткен. Бекініс қабырғаларын салудың үшінші кезеңі қалашықтың жаңа дәуірімен байланысты болды. Қабырға сыртында пайда болған қуаттылығы 1-1,3 м бос сары топырақ пен күлдің қосындысының оның елеулі кезең бойында жатқанын көрсетеді. Кейінірек оның үсті қайтадан қалыңдығы 1 м сары топырақпен тегістеліп, екінші қабырға салынған. Ол қалыңдығы 0,2-0,35 м сары топырақ пен көлемі 46х23х10-12 см шикі кірпішпен кезектеле отырып салынған. Қабырға қалыңдығы төмен жағында 2,3 м, сақталған биіктігі – 5,3 м, ось биіктікте сырт жағының ауытқуы 75°-қа тең. Төртінші кезеңде бекіністің сырт жағынан төменгі жағы 2,5 м, биіктігі 4,3 м басқа қабырға тұрғызылған. Ол қалыңдығы 10, 15,17, 20 см сары топырақ пен көлемі 46х23х10 см шикі кірпіш екеуі кезектесіп салынған. Бесінші кезеңде сырт жағынан соңғы екі 2,7 м, биіктігі 3 м-ге жуық қабырға қаланған. Ол да қалыңдығы 15-20 см сары топырақтан және кезектесе қаланған көлемі 46х48х23х9-10 см шикі кірпіштен тұрады. Қазба барысында табылған құм, құмыра, тағы басқа қыш ыдыстар сынығына қарағанда қаланы тұрғындар VII-XII ғасырларда мекендеген.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
VII-XII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
44°18′51″ с. е. 73°17′13″ ш. б. / 44.31417° с. е. 73.28694° ш. б. / 44.31417; 73.28694 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…