Shejire

Уақит Шәріпов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Уақит Шәріпов (22.12.1915 жылы, бұрынғы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшар — 18.2.1970, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1963), профессоры (1965). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

Өмірбаяны

Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1940). 1940 — 1942 жылдарына Жезқазған кен-металлургия комбинатында ауысым, шахта бастығы 1946 — 1947 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау бөлімінде кеңесші, бөлім бастығы 1947 — 1970 жылдарына Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Кен ісі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, лабораториялық меңгерушісі болды.

Ғылыми жұмыстары

Шәріповтің негізгі ғылыми еңбектері тау-кен жұмыстарын автоматтандыру мен механикаландыру теориясына, кен қазуда өздігінен жүретін машиналарды кеңінен қолдану мәселелеріне арналған. 2 өнертабыстың авторы.

Марапаттары

КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). 2-дәрежелі Отан соғысы Қызыл жұлдыз ордендері бірнеше медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Уақит Шәріпов
Туған жері
Қарқаралы ауданы
Туған күні
22 желтоқсан 1915 (1915-12-22)
Марапаттары
КСРО мемлекеттік сыйлығы,
Ғылыми дәрежесі
техника ғылымдарының докторы
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
18 ақпан 1970 (1970-02-18) (54 жас)