Shejire

Уәлихан Әбуұлы Жақыпов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Уәлихан Әбуұлы Жақыпов (7.9.1948 жыл, Түркістан облысы Төле би ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1994).

Өмірбаяны

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медиутна университеті) бітірген. 1972 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі А.Сызғано] атындағы Хирургия ғылыми орталығы) ординатор, хирург, аға ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Ғылыми жұмыстары

Негізгі ғылыми жұмыстары қолқа және қан тамырлары ауруларын хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Қолқаның жоғары бөлігі кеңейгенде (қолқа аневризмосы); кеуде қуысын ашып, ішкі органдардың кеңейген қан тамырларын қалпына келтіру (торако-абдоминалды аневризм) операцияларын жасаған алғашқы хирургтардың бірі. Ол микроангиопатияны, ішкі органдардың қан айналу жүйесінің бұзылуын, жүйке қан тамырларының жаңадан пайда болу белгісін, аяққа баратын қан тамырлардың бітеліп қалуын хирургиялық тәсілмен емдеуді ұсынды. «Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тәжірибеге енгізу» ғылыми-зерттеу жұмысы авторларының бірі.

Марапаттары

Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999).

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri