Shejire

Түбіртек

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Түбіртек (Rosularia) — раушан гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 5 түpi бар. Бұлар бүйіктігі 3-35 см, тамыры туйнек тәрізді, жертаған жапырақтары жалпақ етженді шоғырлана орналасқан, гүлі ақ қызғылт не сарғылт-жасыл, гүл шоғыры сыпыртқы тәрізді. Көп гүлді маусым-тамызда гүлдейді. Шу-Іле тауының Тянь-Шань (Жоңғар), Іле, Күнгей, Кетпен, Теріскей Алатауларының, Қырғыз Алатауының тасты беткейлерінде, қия тастар арасында өседi. Эндемик түpi— Түркiстан түбіртегі. Оның кейбір түpi әсемдік үшін парктерде өсіріледі.

Дереккөздер