Shejire

Төрегелді Шарманов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Астанадағы Төрегелді Шармановпен қоштасу рәсімі, мамыр 2024
Қазақстан Парламентінің Мәжілісі · CC BY 4.0

Төрегелді Шарманұлы Шарманов (19 қазан 1930 жыл, Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы — 25 мамыр 2024 жыл) — қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ тағамтану академиясының президенті. Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы және Жезқазғанның Құрметті азаматы.

Өмірбаяны

Төрегелді Шарманұлы 1930 жылғы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955–1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижемен бітірген. 2024 жылы 25 мамырда қайтыс болды.

Еңбек жолы

1958–1962 жылдары — Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері. 1962–1968 жылдары — Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі. 1968–1971 жылдары — Ақтөбе медицина институтының ректоры. 1971–1982 жылдары — Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрі. 1973–1984 және 1988 жылдан — КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті). 1985–1988 жылдары — Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» атты журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1995 жылдың мамыр айынан — Қазақстанның Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті. 1997 жылдан бастап «Здоровье и болезнь» журналының бас редакторы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (8-10 мәрте сайланған).

Ғылыми еңбектері

The state award of Republic Kazakhstan - the Gold star to a rank " the Hero of Work of Kazakhstan "
User:Kei · Public domain

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизімін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Марапаттары

1969 жылы "Қажырлы еңбегі үшін" медалі; 1970 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалі; 1976 жылы КСРО-ның «Октябрь революциясы» ордені; 1980 жылы КСРО-ның «Халықтар достастығы» ордені; 1996 жылы ҚР-ның «Парасат ордені»; 2010 жылы ҚР-ның жоғарғы І дәрежедегі «Достық ордені» 2016 жылы ҚР-ның жоғарғы ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» Бірнеше мемлекеттік және мерейтойлық медалдармен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы; Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері; Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты; «Жыл адамы» сыйлығының иегері; Алматы қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы); Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы); «Қазақстан Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі; «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» төсбелгісі; Дүние жүзінің денсаулық сақтау ассамблясының «Леона Бернард» атындағы дүниежүзілік сыйлығын алды. (2005 жылы); (Бұл сыйлықпен әлем бойынша 42 адам ғана марапатталған); 2022 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» төсбелгісі»

Ғылыми атақтары

1967 жылы «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; 1968 жылы профессор; 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; Ресей Медицина Ғылым Академиясының академигі.

Нагрудный знак лауреата Государственной премии Республики Казахстан
User:Kei · Public domain

Дереккөздер

Нагрудный знак к Почётному званию "Заслуженный деятель Казахстана"
http://sammler.ru · Public domain
Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Төрегелді Шарманов
Азаматтығы
 КСРО Қазақ КСР Қазақстан
Ғылыми аясы
медицина ғылымдары, гигинистология
Марапаттары
.mw-parser-output .ts-Қатар{width:auto;border-collapse:collapse}.mw-parser-output .ts-Қатар td{padding-right:2px;padding-left:2px;text-align:center}.mw-parser-o…
Қайтыс болуы
25 мамыр 2024 (2024-05-25) (93 жас)
Дүниеге келуі
19 қазан 1930 (1930-10-19) Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО
Ғылыми дәрежесі
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигіРесей медицина ғылым академиясының академигіМедицина ғылымдарының докторы, профессор
    Нормативті бақылау
    Нормативті бақылау NKC: xx0204599 · VIAF: 52146822292307381927