Shejire

Тоғым хан

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тоғым хан — Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғысы кезіңдегі қазақ ханы. Туған жылы белгісіз, 1537 жылы 27 шілдеде болған ұрыста қаза тапқан. Тоғым хан әз-Жәнібектің немересі, Жәдік Сұлтанның ұлы. Тоғым хан Қазақ ордасындағы берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елінің әскери қуатын арттыруға ұмтылады. Тайыр ханның тұсында Қазақ ордасына қарсы өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Рәшид жорыққа шығады. Түбі бір түркілер өзбек-моғолдар мен қазақ-қырғыздың 1537 жылғы 27 шілдеде Ыстықкөлдің шығыс бетіндегі Сан-Таш деген жерде үлкен соғысы болады. Осы қиян-кескі ұрыста қазақ-қырғыз әскері түгел қырылады. Тоғым хан бастаған 37 сұлтан мен оның ержүрек тоғыз ұлы да осы соғыста қаза табады. Сан-Таштағы соғыс-Қазақ ордасы әскери тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі. Тоғым ханның туған інісі Шығай ханның ұлы Еңсегей бойлы ер Есім хан қазақ-қырғыздың қаншама ержүрек жауынгерлері шейіт болған Сан-Таш аңғарында ұлан-асыр ас беріп, биік қорым үйгізген. Тоғым хан Қазақ ордасында 1533-1537 жылдар аралығында билік құрған.

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Тоғым хан
Діні
ислам
Әкесі
Жәдік сұлтан
Ізашары
Бауыш хан
Ізбасары
Хақназар хан
Қайтыс болуы
27 шілде 1537 (1537-07-27)
Ұлы жүз хандары
Жолбарыс хан • Есім Сәмекеұлы • Әбілфайыз хан
Кіші жүз хандары
Әбілқайыр хан • Батыр хан • Нұралы хан • Әбілғазы хан • Жармұхамбет хан • Есім хан • Айшуақ хан • Жантөре хан • Арынғазы хан • Шерғазы хан • Қаратай хан • Бөке…
Орта жүз хандары
Қайып хан • Болат хан • Сәмеке хан • Әбілмәмбет хан • Барақ хан • Абылай хан • Күшік сұлтан • Уәли хан • Дайра хан • Бөкейхан Барақұлы • Шыңғыс сұлтан • Ғұбайдо…