Shejire

Тілепбай Тазабеков

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тілепбай Тазабеков (1929 жыл 20 қыркүйек, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көксу ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1980), профессор (1985).

Еңбек жолы

1951 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және 1954 жылы республикалық Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген; 1954-1955 жылдары Ақмола облысында агроном болған; 1955 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университінде кафедра меңгерушісі, проректор, ректор қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері

«Почвы Заилийского Алатау и пути повышения их плодородия» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыстары тауалды топырақтардың құнарлылығын арттыру мәселелеріне арналған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri