Shejire

Тәжібаева Айманкүл

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тәжібаева Айманкүл (1888, Қараөзек ст. – 28.11. 1952, Алматы) – халық ақыны, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың анасы. Ауыл молдасынан хат танып, қисса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науаи, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. Әуезов Тәжібаевтың анасы. 7 жасынан бастап ауыл молдасынан хат танып, парсы, шағатай тілдерінде жазылған дастандарды оқиды, насихаттайды. Қазақ ауыз әдебиетін жетік білген. Алғашқы өлендерінің бірі - 1915 жылы күйеуі Тәжібайдың қазасына шығарған жоқтауы. «Анадаусы» (1948), «Ана сыры» ( өлең-жыр жинақтары жарық көрді. Әуезовті өмір бойы құрметтеп, сыйлап өткен, талантына тәнті болған. Ұлы жазушы «Әбділда Тәжібаев» деген мақаласында Айманкүлдің өмірбаянынан біраз мағлұмат бере келіп:

деп, болашақ ақын қыздың тәлім-тәрбие алған ортасынан хабар береді.

Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жарияланған. Өлең-толғауларынан Сыр бойы ақындарының сарыны, Шығыс поэзиясының әсері байқалады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарындағы «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары отансүйгіш рухын танытады. Т-ның «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) атты жеке кітаптары жарық көрген.

Дереккөздер

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы