Тәуке сұлтан
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Тәуке сұлтан (белгісіз – 1797) — Орта жүздің бір бөлігінің сұлтаны (1766–1797), Әбілмәмбет ханның ұлы және Болат ханның немересі.
Өмірбаяны
Құдайдат деген лақап атпен танымал болған Тәуке Темір Ғазы ханнан кейін Хиуа хандығына да атаулы түрде билік жүргізді. Ол Хиуа хандығына саудагер ретінде келген болатын, алайда Темір Ғазы хан қайтыс болғаннан кейін таққа ең қолайлы үміткер болып шықты. Оны керуен сарайдан алып келіп, таққа отырғызды, ол жерде 1,5 жыл билік құрды. Мунис Тәукенің Хиуадағы билік кезеңін оң сипатта суреттейді: «Ол өте қайырымды, қарапайым, тақуа, жуас және дәруіш секілді адам еді. Оның тұсында Хорезм өлкесіндегі аласапыран мен бүліктің ізі толығымен жойылды». Жасқаншақ әрі ақкөңіл билеуші өз жағдайын ауырсынғаны анық, сондықтан оның өтініші бойынша 1766 жылы тақты тастап кетуге рұқсат берілді. Ғалым-тарихшы И. Ерофеева оның Орта жүздің найман ішіндегі қаракерей руларына және Ұлы жүздің сіргелі, сарыүйсін руларына билік жүргізгені туралы деректер келтіреді. Орыс құжаттарында Әбілмәмбетұлы Тәуке туралы мәліметтер кездеседі. 1765 жылғы 14 қарашада Орта жүз сұлтаны Тәукенің орыс генерал-поручигі И. Деколонгқа Ресейге қосылу ниеті туралы хат жазғаны жайлы материалдар сақталған. И.Г. Андреевтің материалдарында оның жайлаулары Ертіс өзенінің бойында, Жамыш бекінісінің маңында, қарағайлы орманы мен тұщы көлі бар Баянауыл тауларында орналасқаны атап өтіледі. Тәуке хан сол уақытта Ресеймен және Қытаймен байланыс орнатқан. 1783 жылы Цин империясы оған «ван» лауазымын берді. Оның 1797 жылы қайтыс болғаны туралы мәліметтер сақталған. Тәуке хан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар — «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі. XVIII ғ. соңы — XIX ғ. басындағы саяси дағдарыс Сабитов Ж.М. 13–18 ғасырлардағы Жошылықтар шежіресі.