Shejire

Тәтімбет Бұлғақұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тәтімбет Бұлғақұлы (шамамен 1700, қазіргі Қызылорда облысы – 1764, сонда) — белгілі батыр, би, елші. Әбілқайыр хан 1732 жылы желтоқсанда Ресей патшайымына екінші елшілігін аттандырды. Елшілік құрамына Нияз, Ерәлі сұлтандар, Ұлы жүзден Аралбай батыр, Оразкелді батырлар, Кіші жүзден Тәтімбет батыр, Баубек төлеңгіт және үш башқұрт биі кірген. Аталған елшілік Санкт-Петербургке 1734 жылы қаңтар айында барып, ақпан айында патшайым Санкт-Петербургының қабылдауында болды. Онда Ресейге адалдығын білдіріп, башқұрт билерімен бірге Тәтімбет те ант берді. Тәтімбетке Сыр сүлейлері жыр арнаған. Одан тараған Ерназар, Күнтуар, Мұрат, Тұяқ, Темір, Пышан, Ағытай, Төребай билер жайында ел аузындағы әңгімелер мен жазба деректер көп. Ұрпақтары Қармақшы, Ырғыз, Тамды өңірлерінде тұрады.

Шежіре

Тәттімбет – Былғақ (Бұлғақ) – Құттығай – Қожас – Қаратамыр – Бозғыл (Бозғұл) – Шөмекей

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri