Shejire

Тәшенов Жұмабай

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тәшенов Жұмабай (1925-1994) — жазушы, Ұлы Отан соғысы қатысушысы.

Өмірбаяны

Қарақалпақ АКСР-і, Нүкіс ауданына карасты Жданов атындағы кеңшарда туған. . Өзбекстан Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік журналистика институтының тарих факультетін және Қарақалпақ кеңес әдебиеті мамандығы бойынша аспирантураны бітірген. Қарақалпақ АССР Жазушылар одағында драматургия секциясының меңгерушісі, "Қызыл Қарақалпақстан" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Жазушы" баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Шығармашылығы

Алғашқы өлеңдері баспасөз бетінде 40-шы жылдың басынан жариялана бастаған. Содан бергі уақыт ішінде оның қарақалпақ, қазақ, өзбек, орыс тілдерінде ондаған өлең, әңгіме, повестер жинағы, бірнеше драмалық шығармалары, көркем фильм сценарийлері дүниеге келді. Ж.Тәшеновтің сценарийі бойынша "Қазақфильм" киностудиясы "Ана туралы аңыз" көркем фильмін (А.Сацкиймен бірігіп жазған), "Тәжікфильм" киностудиясы "Қашқын" телевизиялық фильмін түсірген. Пушкин мен Лермонтовтың кейбір өлеңдерін, Некрасовтың "Русьте кімдер жақсы тұрады?" поэмасын (Т.Сейтжановпен бірігіп), А.Фадеевтің "Жас гвардия" романын, В.Катаевтың "Полк баласы" повесін, т.б. шығармаларды қарақалпақ тіліне, К.Рахмановтың "Келін" атты комедиясын қазақ тіліне аударған. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Әскери ерлігі үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет Грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Тәшенов Жұмабай
Ұлты
қазақ
Мансабы
жазушы
Туған жері
қазіргі Нүкіс, Қарақалпақстан, Өзбекстан
Туған күні
19 қыркүйек 1925 (1925-09-19)
Азаматтығы
 Қазақстан КСРО (1925-1991)
Қайтыс болған жері
Қазақстан
Қайтыс болған күні
1994 (1994)
Шығармалардың тілі
қазақ, орыс, өзбек, қарақалпақ