Shejire

Тәкен Сал Байғұттыұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Тәкен Сал Байғұттыұлы (1860, Қордай ауданы Сұлутөр өңірі – 1908, Қордай ауданы Сұлутөр) – белгілі ақын, сазгер, әнші. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Арғы бабасы Жылқайдар – қалмақ жаугершілігі тұсында асқан ерлік көрсеткен айтулы батыр, ұрпақтар ұғымында киелі жан саналып, артында мол аңыз қалған. Жылқайдардың екі немересі Мүлкаман мен Қонай да – ата жолын қуған батырлар. Баршаға аты мәлім Қордай батыр Мұлқаманның ұрпағы. Тәкен сал да осы әулеттен өрбіген. Әлмен ақын:

– деп кемсіткенімен Тәкеннің әкесі Байғұтты әжептәуір ауқатты кісі болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда, Тәкен сал бөгде жұртты аралағанда Көкала атын бір құлаш жібек матамен тұсап әкелгенде, әлгі матаны сұрамайды екен. Тәкен сал жүйрік баптап, бәйгеге қосуға құмар болған. Жетісу көлеміндегі ас пен тойдан қалып көрмеген. Кезінде оның Көкала сәйгүлігінің даңқы өз атағынан кем тарамаған.

Шығармашылығы

Тәкен салдың мұрасы бізге түгел жетпеген. Көп айтыстарынан жазылып қалғаны – Әлмен қызбен айтысы.

«Қоянды, Желсаз жайлауы-ай» «Жүрдім ойлай» «Ой жайлау» секілді Тәкен сал әндері халық арасында кең тараған. Тәкен салдың Шалтан, Нәрметқұл деген ұлдарынан тараған ұрпақ Сұлутөр өңірінде тұрады.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri