Shejire

Тағар

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тағар - әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қажетті заттай салық.

Салықтың алынуы

Ол Ұлықбек тұсында Саураннан, Сайрамнан, Отырар мен Йанги-Тараздан, яғни Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның оның әскерлері тұрған аймақтарынан алынды. Моғол хандары да Оңтүстік-Батыс Жетісу мен Қашқарияның өз қоластындағы отырықшыларынан тағар жинаған. Тағардың нақты көлемі белгіленбей, хан мен басқа да феодалдардың шешіміне байланысты жиналды.

Дереккөздер