Сырғабай Зәкірұлы Нарматов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Сырғабай Зәкірұлы Нарматов (1932 жылы, Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылында туған) – тарих ғылымдарының докторы (1988), профессор (1989). ҚР Саясаттану ғылым академиясының академигі (1997). Мәскеу мемлекеттік университетін (1954) және ҚазМУ-дың (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын (1967) бітірген. Жамбыл облысындағы мектепте мұғалім (1954–57), Жамбыл облысы Мерке ауданы партия комитетінде нұсқаушы, Мерке ауданы және Жамбыл облысы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1957–62), Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында (1962–65, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) кафедра меңгерушісі, Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы (1968–78), доцент, декан, Алматы халық шаруашылық институтында (1980–92, қазіргі Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі (1992–2007) қызметтерін атқарған. «Социализм құрудың соңғы этапындағы (1946–1958 ж.) Қазақстан компартиясының ауыл еңбекшілерінің саяси және еңбек белсенділігін арттыру қызметі» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы.
Дереккөздер
Сілтемелер
Тарих ғылымдарының докторы(қолжетпейтін сілтеме) Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Саясаттану Гидромелиоратив