Сүйінішәлиев Ханғали Жұмашұлы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев (5 желтоқсан, 1918, Тайпақ, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 20 маусым 2006, Алматы) - ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері (1984).
Орал педагогика институтын бітірген (1943). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943-1953 жылы Орал педагогика институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі. 1953 жылдан ҚазМУ-де оқытушы, доцент, профессор. Ғылыми-зерттеушілік еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы, Абай шығармашылығы мәселелеріне арналған.
Шығармашылығы
Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1960; Ізденіс іздері, А., 1975; Саңлақтар сарабы, А., 1978; Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1998.
Марапаттары
I дәрежелі Отан соғысы ордені Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.