Степняк
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Степняк — Ақмола облысындағы қала (1937), Біржан сал ауданының (1955) және Степняк қалалық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны
Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 130 км жерде, Көкшетау қыратындағы Саға өзенінің бастауы мен Қотыркөл көлі аралығында орналасқан.
Халқы
Тарихы
Іргесі 1890 жылы қаланған.
Кәсіпорындары
Алтын өндіретін кәсіпорын, автомобиль жөндеу зауыты, агроөндірістік бөлімше, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, құрылыс мекемелері жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін 3 мектеп, 2 клуб, кинотеатр, аурухана, емхана, дәріхана, санэпидстанса жұмыс істейді. Степняк аумағында Біржан сал жерленген. Ең жақын темір жол стансасы – Макинск (35 км).