Shejire

Шығанақ

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Шығанақ - Ғабиден Мұстафиннің дүние жүзіне әйгілі, қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болған роман.

Қысқаша мазмұны

Роман шынайы өмірден алынған. «Шығанақ» романы тарыдан мол өнім алу жөнінен бірнеше дүркін дүниежүзілік рекорд жасаған әйгілі диқан Шығанақ Берсиев өмірінен алып жазылған . Романда өмірдің талай бел - белесін басынан кешірген шығарманың бас кейіпкері Олжабек бейнесі өзінің типтік сипатымен миллиондаған орта шаруаның жол айырықтағы әуре - сарсаңын шыншылдықпен әйгілейді. Табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ Олжабек азын - аулақ жиған - тергеніне қатер төнгенде шиыршық атып шыға келеді – кәкір - шүкірін ортаға өткізуге іші қимай, үй - ішімен колхоздан қашып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Жерұйықты іздеп жөнеледі. Олжабектің көрген күні қараң: әйелі мен баласынан, қызғыштай қорыған «байлығынан айрылған, бандының талауына түскен, өлімші болып сабалаған Шығанақ ел ішіне қайта оралып, қызу еңбек еткен сүттей ұйыған абзал жандар ортасынан құтты қоныс, бақыт табады. Сөйтіп, жазушы сайы мен саясы мол өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көп адам тағдырын бар болмысымен тұтастай ашады.

Дереккөздер

Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994

Künye

Авторы
Ғабиден Мұстафин
Романдары
Өмір не өлім • Шығанақ • Қарағанды • Дауылдан кейін • Көз көрген
Жариялануы
1945 жыл
Жазылған жыл
1945 жыл
Түпнұсқа тілі
қазақ тілі
Басқа шығармалары
Сәрсен мен Боқаш (тұңғыш әңгімесі) • Ер Шойын (жинақ) • Жиырма бес (жинақ) • Миллионер (повесть) • Ой әуендері (жинақ)