Шүлемайтөбе
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Шүлемайтөбе, б.д. 1-ші мыңжылдығының 1-ші жартысындағы мекен – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Отырар ауданы, Балтакөл ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км қашықтықта орналасқан.
Деректер, сипаты
1974-76 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының ирринациялық отряды (В. А. Грошев) зерттеген. Дөңгеленіп келген төбенің диаметрі 65 м-дей, биіктігі 5 м. Үстінен табылған кермика арасында табанына мата іздері түскен құмыра тұтқалары, саптыаяқтар бар. Дән үгіткіш тастардың сынықтары да табылды.