Шонжар
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Шонжар — дәстүрлі қазақ қоғамындағы билік пен үстемдік жүргізген беделді адамдардың жалпы атауы. Қазан төңкерісінен кейін 1920–1930 жылдары еңбекші халықтан басқа кез келген билік иелері немесе ауқатты адамдар (би, болыс, байлар) Шонжар аталып, тап жауы ретінде қуғындалды. Бұл терминмен кеңестік тарихнама үстем тап өкілдерін белгіледі. Қазіргі таңда Шонжар сөзі тілдік қолданыста кездеспейді.