Шеңгелді
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Шеңгелді – көне қала орны.
Орналасқан жері
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ынталы ауылынан шығысқа қарай 12 км қашықтықта орналасқан.
Сипаты
1989 жылы ҚазМУ (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі орны солтүстіктен шығысқа қарай 85 м-ге созылып жатқан, биіктігі 2,3 м болатын төбе болып келеді. Теріліп алынған материалдар: құм (хум), құмыра, табақша, т.б. сынықтары. Олардың дені сырланбаған ыдыстар. Қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстар оның X-XII ғасырда өмір сүргенін көрсетеді.