Сергей Иванович Соколов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Сергей Иванович Соколов (14 қазан 1897 жыл, қазіргі Деребуж селосы, Смоленск облысы - ? ) — қазақстандық топырақ зерттеуші ғалым, биология ғылымдарының докторы (1964). 1922 ж. Мәскеу университетінің жартылыс тану бөлімін бітірген. 1919-1930 ж. КСРО Жер халкомында, Мемлекеттік топырақ тану институтында және осы кезде мұнымен қатар (1922-1925) Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының топырақтану кафедрасында ассистент. Геодезия, аэрофототүсіру және картография инженерлері институтында (Мәскеу) физика география кафедрасында ассистент, доцент (1925-1942). Қазақстан КСРО ғылым академиясының Топырақтану институтында аға ғылыми қызметкер (1942-1943), топырақ физикасы мен химиясы лабораториясы меңгерушісі (1943-1946), осы институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1951-1953), топырақ генезисі және географиясы бөлімінде ғылыми қызметкер және ғылыми кеңесші. Соколов – 80- ге жуық ғылыми еңбектің авторы