Shejire

Семей губерниясы

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Семей губерниясы - 1920-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан - Қазақ) АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Семей қаласы. Ресми түрде Семей губерниясы 1920 жылы Семей облысының бір бөлігінен құрылды. Іс жүзінде Семей облысы 1918 жылы губерния болып өзгертілді. Алғашында ол мына уездерге бөлінді:

Өскемен уезі. Орталығы – Өскемен қаласы. Семей уезі. Орталығы – Семей қаласы. Зайсан уезі. Орталығы – Зайсан қаласы. Қарқаралы уезі. Орталығы – Қарқаралы қаласы. 1921 жылы орталығы Үлкен Нарым ауылында болған Бұқтырма уезі (Алтай губерниясынан) және орталығы Павлодар қаласында болған Павлодар уезі (Омбы губерниясынан) губернияға берілді. 1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Ақмола, Қарқаралы, Павлодар, Семей және Сырдария округтары арасында бөлінді. 1926 жылғы санақ бойынша губернияда 1309,9 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар - 54,6%; орыстар - 30,4%; украиндар - 10,7%; татарлар - 1,4%.

Künye

Ел
 КСРО
Кіреді
Қырғыз АСКР Қазақ АКСР
Тұрғыны
1309,9 мың адам (1926)
Жер аумағы
536,6 мың км²
Ресми тілдері
қазақ, орыс
Құрылған уақыты
1920
Ұлттық құрамы
көпұлтты
Таратылған уақыты
1928