Shejire

Сартақ

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Sartak and Alexander Nevsky
Anonymous Russian manuscript illuminators, 1560-1570s Facial Chronicle (Illustrated Chronicle of Ivan the Terrible) (in 10 volumes: pdf, pdf with translation)Public domain image · Public domain

Сартақ хан (? — 1256) — 1255-56 жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы, Бату ханның үлкен баласы, Шыңғыс ханның шөбересі. Еділ өзенінің төменгі сағасының батыс жағалауынан бастап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы мен Қырым аралығында билік құрды.

Билігі

1252 жылы Александр Невский Сартақтан жарлық алып, Владимир кнәздігінің билеушісі атанды. 1256 жылы француз королінің Қарақорымға жіберген елшісі Рубрук ең алдымен Сартақтың сарайына аялдап, оған корольдің түрік және араб тілдеріне аударылған грамотасын табыс еткен. Сартақ әкесі Бату қайтыс болған соң Мөңке ханның (Қарақорымда) ұйғарымымен хан тағына отырды. Бірақ көп ұзамай қайтыс болып, тақты Ұлақшы иеленді. Сартақты Батудың iнiсi Берке мен Беркешар өлтiрткен деген пікірлер бар. Дегенмен тарихшы Жақсылық Сәбитовтың пікірінше, Сартақтың өлімі Беркеден гөрі, орталық билік иесі Мөңкеге тиімді болған. Өйткені, Жошы ұлысының ханынан айырылып, әлсіреуі орталық биліктің күшейуіне, оған тәуелділігінің өсуіне әкелері сөзсіз еді. Сартақтан кейін таққа отырған Ұлақшының оған нақты кім болғаны (інісі, баласы) белгісіз.

Дереккөздер

Сілтемелер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Сартақ
Діні
несториандық
Анасы
Барақшын хатұн
Әкесі
Бату хан
Ізашары
Бату хан
Ізбасары
Ұлақшы хан
Династия
Шыңғыс әулеті
Қайтыс болуы
1256 (1256)
Дүниеге келуі
белгісіз