Shejire

Сәмеке хан

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Сәмеке хан (1660 — 1734) — Орта жүз ханы (1719–1734). Тәуке ханның баласы. Ақтабан шұбырынды оқиғасынан кейінгі жылдары Орта жүзді биледі. Ордасы Түркістан қаласында болды.

Өмірбаяны

Сәмеке хан наймандар мен қыпшақтардың кейбір руларына және арғындардың бір бөлігіне иелік етті. Ол ішкі саясатта орта жүзді біріктіруге күш салды. Сыртқы саясатта жоңғарлар мен Орта Азия хандықтарының басқыншылық әрекеттеріне қарулық қарсылық көрсетумен белгілі болды. Сәмеке хан Әбілқайыр ханмен күш біріктіріп, қазақ жерін қалмақтардан босату мақсатында 1723 және 1726 жылдары Еділ бойындағы Кіші қалмақ ордасына 2 дүркін жорық жасады. Сыртқы және ішкі жаулармен күресте күшті көршісі Ресейге арқа сүйеуге тырысты. 1731 жылдың 15 желтоқсанында А.Тевкелевпен бірге Ресеймен арадағы қатынасқа байланысты келіссөз жүргізді. Сәмеке хан жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктірілігімен танылған тұлға ретінде тарихта қалды.

Әдебиет

Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО "АБДИ Компани", 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Сәмеке хан
Діні
Ислам
Әкесі
Тәуке хан
Ізашары
Қайып хан
Ізбасары
Әбілмәмбет хан
Балалары
Сеит ханЕсім хан ІІ
Династия
Төре
Қайтыс болуы
1734 (1734) Орта жүз
Дүниеге келуі
1660 (1660) Қазақ хандығы