Shejire

Саймасай Әлімбайұлы Тәтібеков

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Саймасай Әлімбайұлы Тәтібеков (1903 жылы Қарaсай ауданы, 5.10.1973 жылдан Алматы қаласы) – қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушылардың бірі. Тарих ғылымының кандидаты (1946 жыл) доцент. 1918 жылы Верныйдағы орыс-қазақ мектебінде оқыған. 1919 жылы өз тілегі бойынша Қызыл Армия қатарына алынып, Ташкенттегі Түркістан майданы саяси бөлімі жанындағы курсты бітірді. 1919 жылы 22 жылы «Қара қырғыз» атты әскер полкінің эскадрон командирі ретінде Ферғана майданында басмашыларға қарсы соғысқа қатысты. Жетісу губерниялық комсомол комитетінің хатшысы, Түркістанда ЛКЖО ОК ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісінің орынбасары 1923-1927 жылдары Нарында Қырғыз КСР Кеңес өкіметін нығайту жөнінде уәкіл (1927-1931ж) Мәскеудегі Қызыл профессура институтының тыңдаушысы (1931-1933ж) болды. Жылдары Қырғызстан оқу ағарту халкомының 1-орынбасары, 1939-1946 жылдары М.Фрунзе атындағы Қырғыз мемлекетінің педагогикалық институтының география факультетінің деканы. Қырғызстан КП ОК жанындағы Республикалық партия мектебінде экономика кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ педагогика институтында саяси экономика кафедрасының меңгерушісі (1960-1965), 1965 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы Халық шауашылық институтында саяси экономия кафедрасында доцент болды. Тәтібеков 60-қа жуық ғылыми еңбек жариялаған. Жауынгерлік Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапталған.

Дереккөздер

Жетісу энциклопедия «Арыс» баспасы Алматы 2004

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Саймасай Әлімбайұлы Тәтібеков
Қызметі
тарихшы
Туған күні
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
5 қазан 1973 (1973-10-05)
Марапаттары мен сыйлықтары
«Қызыл Ту», «Құрмет белгісі»