Shejire

Сахабиден Елубаев

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Сахабиден Елубаев (10 сәуір 1924 жылы туған, Қожамжар ауылы, қазіргі Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы – 1993 ж., Қызылорда қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1982), профессор (1985).

Қазақ КСР-інің және КСРО Білім беру ісінің үздігі. ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Жаңасібір қаласындағы КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі Математика институты мен Есептеу орталығында аспирант (1961–1962), кейін аға ғылыми қызметкер (1971–1973), Қызылорда педагогика институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы (1951–1961), мұғалімдер институты директорының орынбасары (1952–1953), осы институтта кафедра меңгерушісі (1963–1971), проректоры (1973–1986; 1986 жылдан) қызметтерін атқарған. «О некоторых обратных задачах для гиперболических и параболических уравнений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты гиперболалық және параболалық теңдеулер үшін кері есептер тақырыбына арналған. Елубаев 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

http://www.korkyt.kz/fm_mat.htm Мұрағатталған 16 маусымның 2009 жылы.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri