Shejire

Рзаев Жеткізген

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Рзаев Жеткізген (1936 – 1997) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1979). Бұрынғы Гурьев педогогикалық институтын бітірген (1959). 1959 – 62 ж. Сам орта мектебінің директоры, 1962 – 74 ж. Тұрыш мектебінде мұғалім, Амангелді мектебінің директоры, 1974 – 80 ж. Бейнеу аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 1980 – 83 ж. Бейнеу аудандық партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1983 – 91 ж. Абай орта мектебінің директоры, 1991 – 94 ж. Бейнеу кенттік кеңесінің төрағасы, 1994 – 96 ж. ауданы тіл жөніндегі басқарма бастығы, 1996 – 97 ж. ауданы білім беру бөлімінде әдіскер. «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri