Роман Жанпейісов
KişiGüncelleme: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Роман Жанпейісов (1924 сәуірдің 10-ында, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1982), профессор (1984).
Қысқаша өмірбаяны
Үлгі:Infobox
1950 - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1958 жылдан - Қазақстан ғылым академиясының Топырақтану ғылыми-зерттеу институтында топырақ эрозиясы бөлімін басқарды. Жанпейісовтың ғылыми еңбектері Қазақстан жер қыртысының эрозиясын зерттеуге арналған. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған..