Shejire

Құрманәлі Оспанұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Үлгі:Infobox Құрманәлі Оспанұлы (1924 , Шығыс Түркістан - 1999 жылы 11 наурызда ) - ақын. ҚХР Жазушылар одағының мүшесі.

Құлжа қаласындағы гимназияны бітірген (1942 ). 1942-1944 жылдар ауыл мектебінде мұғалім болған. 1944 жылы Іле аймағында басталған ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. Құлжа қаласында жаңа рухпен шыға бастаған "Төңкерісшіл Шығыс Қазақстан", "Төңкеріс таңы", "Жаңа жол" газеттерінде қызмет істеген. 1944-1966 жылдар Іле газетінің редакторы, Шыңжаң өлкелік үкіметтің бас хатшысы, Іле Қазақ автономиялық облысының бастығы (әкімі), 1980-1989 жылдары Шыңжаң әдебиет-көркемөнершілер бірлестігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Еңбектері

Құрманәлінің "Құр-кешеден күллі әлемге" балладасы, "Шаттық жыры" (1980), "Тянь-Шань жырлары" (1984), "Меруерттер" (1989), "Жылдар ізі" (1995) өлең-дастандар жинағы. "Үш майдан" естелік кітабы жарық көрген.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri