Shejire

Құмкент

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Құмкент– ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорғаннан 37 км жерде орналасқан. 1946 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Марғұланның пікірінше, Құмкент араб деректерінде кездесетін Камукент қаласының орны. Ол 13–14 ғасырларда Таластан Сайрамға қарай созылған керуен жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған. Құмкент айнала қорғаныс дуалмен қоршалған. Базары дуалдың сырт жағына орналасқан. Қазіргі уақытта қаланың қираған орны төбеге айналған. Биіктігі 20 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 450 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 300 м. Жоғарғы бетіндегі алаңның аумағы 200х160 м. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларын жағалай салынған дуалдың орташа биіктігі 0,5 м. Алаңның оңтүстік шетінде тік бұрышты, ауданы 28х30 м, биіктігі 0,5–11 м болатын қамал орны бар. Қалашықтың сыртқы жағында 3 м жерден қаланы қоршаған биіктігі 1,5–2 м дуалдың орны сақталған. Оның сыртынан қазылған ордың ені 10–20 м. 20 ғасырдың 50-жылдары жүргізілген қазба кезінде түрлі ғимараттар орны ашылып, археологиялық материалдар: ыдыстар, мөр-сақина, ұршықтың бастары, т.б. заттар табылды. Табылған ескерткіштерге қарағанда қаланы адамдар 10–15 ғ-ларда мекендеген. Деректерге қарағанда шығыстан Талас өзені, Қаратаудан Бүркітті мен Шабақты өзендері құйған кезде тасыған су Мойынқұмның күнгей бетімен, Шу өзенімен қапталдаса ағып осынау "Ақжайқын", "Жабыкөл", "Телікөлге" құйған екен. Өзеннің арнасы күні бүгінге дейін сақталған. Құмкенттің айналасы "Мыңкөл" аталып, олардың негізгілері Ақжар, Үйреккөл, Қаракөл, Теспе, Домалақкөл, Бүйреккөл, Егізкөл, Қоржынкөл деп аталған. Ну қамыс өскен көлдердің арасына орналасқан Құмкент шаһарының ертеректе "Көкарал" аталуы да осыдан болса керек.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Künye

Орналасуы
43°45′37″ с. е. 69°36′17″ ш. б. / 43.76028° с. е. 69.60472° ш. б. / 43.76028; 69.60472 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Басқаша атаулары
Камукент, Кинчат
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай