Shejire

Құйрықтөбе

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Құйрықтөбе (Кедер) – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық қалашық.

Географиялық орны

Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, ортағасырлық Отырар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан.

Зерттелуі

Қаланы 1949–51 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам), 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. А. Ақышев) зерттеді.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қазіргі орнының биіктігі 7,5 м, солтүстіктен батысқа қарай 250 м-ге созылған, батысының ұзындығы 125 м, оңтүстік-батысы 225 м, оңтүстік-шығысы 180 м болып келетін төбешік. Құйрықтөбенің оңтүстік-батыс бұрышында диаметрі 30 м, биіктігі 15 м төбешік түріндегі цитадель орны бар. Цитадель айналасында 4 мұнараның қалдықтары сақталған. Археология қазба жұмыстары нәтижесінде 7–12 ғасырлар аралығына жататын мәдени қабаттар аршылды. Бұл қабаттардан керамикалық ыдыс, құмыра, көзе, тостаған, адам мен жануарлар мүсіндері, 7–8 ғасырларлар теңгелері, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар табылған. Зерттеу барысында күйдірілген және шикі кірпіштен салынған, қабырғаларының қалыңдығы 1,5 м, ауданы 36,5х20,5 м мешіт орны анықталған. Ішінен табылған заттарға қарағанда мешіт XI-XII ғасырларға жатады.

Тағы қараңыз

Нана (Бактрия құдайы)

Дереккөздер

Künye

Қалануы
XI-XII ғасырлар
Мәртебесі
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°51′14″ с. е. 68°15′09″ ш. б. / 42.85389° с. е. 68.25250° ш. б. / 42.85389; 68.25250 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Басқаша атаулары
Кедер
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар