Shejire

Қуаныш Шәкірұлы Баймағамбетов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қуаныш Шәкірұлы Баймағамбетов(1895, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді атындағы кеңшар-1973)- ақын. Ерте сауатын ашқан. Темір жол жұмысшысы (1919—1925), бастауыш мектеп мұғалімі (1925 — 1945), кітапхана меңгерушісі (1945—1960) болып істеген.

Шығармашылығы

«Мәрия — Мағауия» дастаны 1926 жылы «Әйел теңдігі» журналында басылды. «Ақындар шашуы» (1927), «Ленин» (1928) жинақтарында өлеңдері шықты. 1929 жылы «Кедей жыры» деген атпен өлеңдерінің жинағы жарық көрді. «Аңламас батырдың оқиғасы», «Сағит пен Сағат», «Қаңғыбас Сандыбадтың ертегісі», тағы басқа дастандарында ерлікті, достықты, махаббатты жырлайды. Иса Байзақовпен (1925), Айтбай Дүйсенбаевпен (1957) айтыстары бар. Ауыз әдебиетінің үлгілерін, Сыр бойы ақындарының, Отан соғысы жауынгерлерінің өлеңдерін жинауға көп еңбек сіңірді.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri