Shejire

Қуаныш Ахметов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қуаныш Ахметов (6 қыркүйек 1946 жыл Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы - 2008 жыл Астана) - ақын, аудармашы, журналист, тарихшы.

Өмірбаяны

Алматы индустриалдық техникумын бітірген. Ленинград политехникалық институтты бітірді. Жезқазған кен-металлургия комбинатында учаске, шахта бастығы, ЖШПТ-нің бас механигі болды. 1991 жылдан баспасөз, әдебиет саласына біржолата бет бұрды. «Халық кеңесі» «Ана тілі» «Заң» «Қазақ әдебиеті» газеттерінде тілшілік қызмет атқарды. Соңғы уақытта «Фолиант» баспасында жұмыс істеп жүрді.

Шығармашылығы

Тұңғыш өлеңі «Біздің ат» (1959) «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған. «Қарлығаш» «Жетіген» (1981, 1984) «Қос арна» (1999) «Көзайым» (2004) атты жыр жинақтары «Ұлы даланың Ұлытауы» (І-том, 1999, ІІ-том, 2001) «Кенесары хан Ұлытау өңірінде» (2002) «Замана заңғарынан. С вершины времени» атты деректі проза, тарихи танымдық, публицистикалық кітаптары жарық көрген. Бұлардан басқа аударма (поэзия) саласында жарық көрген кітаптары бар. Жекелген шығармалары ұжымдық жинақтарга енген.

Аудармалары

Вьетнам халқынын көсемі Хо Ши Миннің өлеңдерін неміс жазушысы Вилли Майнктің «Марко Полоның таңғажайып сапары» деректі кітабін орыс поэзиясының танымал өкілдері К.Ф. Рылеев, В.К. Кюхельбекер, А.И. Одоевскийлердің сібірлік әйгілі ақын П.П. Ершовтың «Сүзбе сұлу» тарихи дастанын ресейлік жазушы О.Г. Чистовскийдің Жезқазған өңірі жайлы баяндайтын «Жапан дала жан-жағың...» хикаятын қазақ тілінде сөйлетті.

Жетістіктері

Қазақстан журналистер одағының С.Ерубаев атындағы сыйлығы (1996) «Түркістанға – 1500 жыл» халықаралық әдеби конкурс Кенесары хан атындағы республикалық сыйлық (2002) Ұлытау ауданының Құрметті азаматы (2001) Ырғыз ауданының Құрметті азаматы.

Марапаттары

Өндірістегі және шығармашылық жолындағы еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1984)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ұлы дала тарихын ұлықтаған Мұрағатталған 24 қазанның 2014 жылы.

Soy ağacındaki yeri