Shejire

Қозы-Көрпеш Есімұлы Жаңбыршин

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қозы-Көрпеш Есімұлы Жаңбыршин (2 шілде 1960, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылы — 12 ақпан 2017, Алматы) — қазақстандық мемлекет қайраткері. Қазақ. Әкесі - Есім Құсайынұлы Жаңбыршин (1916-1975), партия қызметкері болған. Анасы - Қаншайым Болатқызы Жаңбыршина (1926-2007) мұғалім болып жұмыс істеген, зейнеткер. Мәскеу экономика-статистика институтының экономикалық кибернетика факультетін бітірген (1982), экономист-математик. Экономика ғылымдарының кандидаты (1991), докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Гетерогенді әлеуметтік-экономикалық жуйелер: стратегиялық басқару теориясы мен әдістемесі». «Статистикалық бағалау әдіснамасы және басқару әлеуетін талдау» (1994), «Гетерогенді әлеуметтік-экономикалық жүйелер: стратегиялық басқару теориясы мен әдіснамасы» (2003) монографияларының, сонымен қатар 40-тан аса жарияланымның авторы. Қазақ және орыс тілдерін білген. 1977 жылдан - Мәскеу экономика-статистика институтының студенті. 1982 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау мекемесінің жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының инженері, экономисі және аға экономисі. 1987 жылдан - Мәскеу экономика-статистика институтының аспиранты. 1990 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік экономикалық комитетінің бас маманы. 1992 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық кеңесшісі, Экономикалық кеңес берушілер кеңесі жетекшісінің орынбасары. 1994 жылдан - Қазақстандағы Тасис бюросының ұлттық директоры. 1996 жылдан - Алматы қалалық Экономика комитетінің төрағасы. 1997 жылдан - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2003 жылдан 2007 жылғы ақпанға дейін -Қорғаныс министрінің қаржы және экономика жөніндегі орынбасары. 2008 жылғы ақпаннан - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары. 2009 жылғы қыркүйектен - ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі.2014 жылдан - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы. Республикалық ат спортының ұлттық түрлері федерациясының Алматы филиалының президенті. «Құрмет» орденімен, ҚР және шетел мемлекеттерінің 10 медалімен марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, У. Черчилль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты, бай, барлық жағынан дамыған және ашық ел». Хоббиі - тау шаңғысы, жүзу, ат спорты, кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - отандық, орыс және шетел классикасы, тарихи әдебиет, оның ішінде естеліктер. Үйленген. Жұбайы - Артықова Бақытгүл Аманғалиқызы (1965 жылы туған). Ұлдары - Шыңғыс (1988 жылы туған), Сержан (2006 жылы туған); қызы - Сәуле (2006 жылы туған).

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Қозы-Көрпеш Есімұлы Жаңбыршин
Анасы
Жаңбыршина Қаншайым Болатқызы (1926-2007)
Әкесі
Жаңбыршин Есім Құсайынұлы (1916-1975)
Марапаттары
Құрмет ордені
Қайтыс болуы
12 ақпан 2017 (2017-02-12) (56 жас) Қазақстан Алматы
Дүниеге келуі
2 шілде 1960 (1960-07-02) Қазақ КСР Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс