Shejire

Қостөбе (Оңтүстік Қостөбе)

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Қостөбе (Оңтүстік Қостөбе) – ортағасырлық қалашық орны.

Орналасқан жері

Түркістан облысы, Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылынан оңтүстікке қарай 7 км жерде.

Зерттелуі

1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) тапқан. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) барлап көрді, 1970 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) кең көлемде қазба жұмыстарын жалғастырып, ескерткішке қатысты көптеген мәліметтер алды.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қалашық орны бүгінгі күні екі қабаттан тұратын төбе, диаметрі 70 м, биіктігі 5 м. Оған құрылыс іздерінің орны сақталған алаңқай-төбешік жалғасады. Оның ортасында тікбұрышты келген, аумағы 50x80 м, биіктігі 1,5-2 м төбе бар. Төбенің біраз бөлігі аршылып, одан шикі кірпіштен қаланған құрылыс орындары, қыш ыдыстар сынықтары қазылып алынған. Хронологиялық жағынан олар 5-7 ғасырларға жатады. Екінші құрылыс горизонтынан ауданы 112 м2 жер аршылған. Қазба кезінде үш бөлмеден тұратын баспана орны анықталған. Оның сақталған қабырғаларының биіктігі 35-40 см. Көлемі 40-42x20-22x10-12 см шикі кірпіштен тұрғызылған. Қабырғаларының ені 0,5-0,8 м. №1 бөлме аумағы 5x5,5 м. Екі қабырғасынан ені 1,5 м, биіктігі 0,2 м "Г" тәрізді сыпа табылған. Бөлме ортасынан ошақ орны, бұрыштан хум қазылып алынған. Бөлме ішінен тіреу ағаштарының орындары да аршылған. №2 бөлме аумағы 5x2,7 м. Мұнда да "Г" секілді суфа және ауданы 50x50 см ошақ орны аршылған. №3 бөлме аумағы 2,7-3,5 м. Бұл бөлменің Тек бір қабырғасын бойлай салынған суфа орны аршылған. Зерттеу барысында бұл баспаның өрттен қирағаны анықталды. Қыш ыдыстар алуан түрлі. 300 морфты ұстағышы бар құмыралар, саптаяқтар ұшырасады. Кейбір ыдыстарға айқыш,сопақша келген таңба-белгілер салынған. Банка тұрпатты бір ыдыс сынығынан антропоморфты бейне мен құстың суреті кездескен. Алынған материалдар Ташкент оазисіндегі археологиялық ескерткіштермен, жетіасар кешенімен үндеседі. Бұл жерді Отырар-Қаратау мәдениетін қалдырған тайпалар мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен айналыскан.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
орта ғасыр
Орналасуы
42°41′17″ с. е. 68°21′38″ ш. б. / 42.68806° с. е. 68.36056° ш. б. / 42.68806; 68.36056 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай