Қазақстан теңгесі
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
Тарихы
Ел тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу үшін Қазақстан Ресейден қағаз ақшаны сатып алып отырды. 1992 жылдың бірінші жартысына дейін Ресейдің орталық банкі рубльді тегін берді. Бірақ бюджеттер бөлінгеннен кейін рубль үшін төлеу қажет болды, ал Қазақстан бюджетінде қаражат жетіспеді, сондықтан елде қолма-қол ақша тапшылығы пайда бола бастады. Сондай-ақ, Ресейде 1961-1992 жылдардағы банкноттардың айналымнан шығарылуына байланысты бұл ақшаны Қазақстанға заңсыз жеткізу өсіп кетті. 1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс тобын және теңге купюраларының дизайнын әзірлеу бойынша арнайы дизайнерлер тобын құрды, оған мыналар кірді: Меңдібай Алин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов және Хайрулла Ғабжалилов. Жұмыс тобының мүшелері мемлекеттің қаржы-кредит саясатын дербес жүргізу қағидаттарын айқындауға тиіс болды. Бірнеше нұсқа қарастырылды. Олардың біреуі бойынша қазақстандық рубльдің 3 банкнотасын (номиналы 5000, 10 000 және 50 000) енгізу және осы банкноттарды Ресейде басып шығару ұсынылды. Екінші нұсқада Ресейдегі ең жоғары үш номиналы бар банкноттар жасау ұсынылды, содан кейін жағдай тұрақталғанға дейін аралық ұлттық валютаны 1-2 жылға енгізіп, содан кейін нақты ұлттық валютаны енгізу ұсынылды. Үшінші нұсқа ұлттық валютаны рубльмен қатар енгізуді қарастырды. Төртінші нұсқа — ұлттық валютаны тікелей енгізу. Ұзақ талқылаулардан кейін жұмыс тобы соңғы нұсқаға бірауыздан дауыс берді. Ұлттық валюта үшін «теңге» атауы таңдалды, ол ортағасырлық түркі ұсақ күміс «денге» немесе «таньга» монеталарынан шыққан. 1992 жылдың маусымына қарай Қазақстанның Ресеймен рубль аймағын құру туралы келіссөздері ақыры тоқтап қалды, өйткені Ресей үкіметі рубль аймағының бұрынғы тұжырымдамасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Егер рубль аймағына қатысушы тараптардың бірі өз валютасын енгізгісі келсе, ол 3 ай ішінде қалған мемлекеттерді хабардар етуі керек деген келісімге қарамастан, Ресей 1993 жылдың 1 шілдесінде іс жүзінде өзінің ұлттық валютасын енгізді. Қазақстанда өзінің Банкнот фабрикасы болмағандықтан және бұрын барлық ақша Мәскеуден әкелінгендіктен, ақшаны Harrison and Sons және De la Rue ағылшын фабрикаларында басып шығару туралы шешім қабылданды. Валютаның барлық көлемін басып шығару құны 7 миллион АҚШ долларын құрады. Шығарылғаннан кейін банкноттар Қазақстанға құпия түрде жеткізілді: 4 Ил-76 ұшағы Лондоннан Оралға, содан кейін Қазақстанның барлық облыстарына бірнеше рет рейс жасады. Ілеспе құжаттарда: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясы үшін қажетті мүлік» деп жазылған болды. 1993 жылдың қарашасында президент Назарбаев өзінің Жарлығымен Премьер-министр Сергей Терещенконың басшылығымен ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ресми үкіметтік комиссияның құрамын анықтады. Комиссия құрамына премьер-Министрдің бірінші орынбасары Дәулет Сембаев, Қаржы министрі Еркешбай Дербісов, экономика министрі Бейсенбай Ізтілеуов, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалым Байназаров, Парламенттік комитет төрағасы Сауық Такежанов кірді. 1993 жылы 5 қарашада президент «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, онда ұлттық валюта енгізілмес бұрын қажетті қадамдар анықталды. Жеке және заңды тұлғаларға 1961-1992 жылдардағы банкноттарда арнайы шоттарға қолма-қол ақша салуға, оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің қосымша нұсқауы түскенге дейін пайдалануға құқығы жоқ екендігі туралы жазбаша өкім жіберілді. 1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. Назарбаев қазақстандықтарға валютаны орталық телеарналар эфирінде таныстырды. 1993 жылғы 15 қарашада Теңге айналымға 1 теңге = 500 рубль қатынасында енгізілді, банкноттар мен монеталар Ресей және кеңес рублімен теңгеге айырбасталды. 1993 жылғы 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды. Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық валюта нышандары суретінін аясында үш монетадан — «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта — теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген. Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған.
Ұлттық Банктің мұражайы
Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РКФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар. Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады.
Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады. Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді. 1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді. ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:
1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша; 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша; 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша; 1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге; 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша; 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн); 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн); номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша; мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты; 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша; 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша; номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша; 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша. Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін. Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты. 2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді. Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлықтүрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлык түрлері бойынша занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген онжылдық мерзімін үзартуға құқылы. Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез келген жаңа валютаның тарихы тереңде жатқан немесе экономикасы дамыған мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді. Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы нарықтарынан арзан займдар тарту көлемінің артуынан болып отыр.
Банкноттар
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған). Кейіннен айналысқа:
1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы:
2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген). 2002 жылы:
2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы:
2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. 2006 жылы:
200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).
Шақалар
Бірінші топтама шақалары
Екінші топтама шақалары (1997 — 26 сәуір 2019)
Үшінші топтама шақалары (2019 бастап)
Шақалардың әрленімі алдыңғы топтамамен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, дегенмен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты олардағы барлық жазулар латын жазу таңбаларымен жасалған.
Естелік шақалар
Айналымға шығарылатын шақалармен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі естелік және мерейтойлық шақаларды шығарады.
Теңге - ұлттық валюта
Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылы 15 қарашада пайдалануға енгізілді. Ақша белгілері - теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаcырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертеңгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күн Ұлттық валютаның туған күні болып саналады.
Қызықты деректер
2007 жылғы таңдалынған теңге нышаны, осыдан 120 жылдан астам бойы Жапон пошта фирмасы қолданып келе жатқан белгісінің айнымасы болып шықты.
Жапон поштасы сайты
Қазақстан теңгесі алғаш айналымға енгізілген Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылды.
Ескерткіш банкноттары
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Қазақстан ұлттық валютасы Мұрағатталған 11 сәуірдің 2010 жылы. Теңгенің жаңа дизайны Мұрағатталған 6 қаңтардың 2014 жылы. Қазақстан банкноттары Мұрағатталған 12 мамырдың 2019 жылы. Монеты стран СНГ и Балтии "Көркемсуретті Қазақстан тарихы" төртінші том, Қазақ энциклопедиясы, Алматы, 2007