Shejire

Қазақстан әкімшілік бірліктері

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Abai oblysy eltañba
Нурасылл · CC BY-SA 4.0

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында облыстардың саны 17, аудандар - 195, қалалар - 90, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар - 3, кенттер - 29, ауылдық округтер - 2 160, ауылдар - 6 179 құрайды. Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп болса, ауылдық елді мекендердің саны ең көп - Түркістан облысында.

Қазіргі әкімшілік бөлінісі

Бірінші деңгей

Қазақстан Республикасы 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.

Астана қаласы — Қазақстанның елордасы. Алматы қаласы — ерекше мәртебеге ие республикалық маңызы бар қала. Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала.

Екінші деңгей

Coat of Arms of Aqtöbe Province
Актюбинская область · Public domain

Әкімшілік бөліністің екінші деңгейіне 170 ауылдық жердегі аудан, 19 қалалық жердегі аудан және 39 облыстық маңызы бар қала жатады. Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар:

Астанада — 6 аудан Алматыда — 8 аудан Шымкентте — 5 аудан Облыстық маңызы бар қала мәртебесін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғары ірі экономикалық және мәдени орталықтар алады.

Үшінші деңгей

Үшінші деңгейде 48 аудандық маңызы бар қала, 6 қалалық жердегі аудан (облыстық маңызы бар Қарағанды, Ақтөбе және Тараз қалаларында екі-екіден), 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ және 101 ауыл әкімдігі бар. Облыстық маңыздағы қала ішінде аудан ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады.

Тарихы

Coat of Arms West Kazakhstan Region
Ua story · Public domain

Ресей империясы

XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған:

Ақмола облысы — Омбы қаласы Жетісу облысы — Верный қаласы Күнгей Каспий облысы — Ашхабад қаласы Орал облысы — Орал қаласы Семей облысы — Семей қаласы Сырдария облысы — Ташкент қаласы Торғай облысы — Орынбор қаласы (облыс құрамына кірген жоқ) Бұдан бөлек әскери әкімшілік бірліктер болған:

Дала генерал-губернаторлығы — Омбы қаласы (құрамына Ақмола, Орал, Семей, Торғай облыстары кірді) Түркістан генерал-губернаторлығы — Ташкент қаласы (құрамына Жетісу, Күнгей Каспий, Сырдария, сондай-ақ Самарқан, Ферғана облыстары мен Әмудария бөлімі кірді) Қазіргі Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы кей аумақтар Астрахан, Самара, Тобыл, Томбы губернияларының құрамында болды.

Кеңес заманы

Kazakhstan
Qazaqstan · CC BY-SA 3.0

1920: Семей губерниясы құрылды 1921: Төмендегідей губерниялар құрылды Ақмола губерниясы - Петропавл қаласы Ақтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласы Қостанай губерниясы - Қостанай қаласы 1924: Жетісу, Сырдария губерниялары құрылды 13 қыркүйек 1925: Қостанай губерниясы жойылып, орнына Қостанай уезі құрылды 14 қыркүйек 1925: Қостанай уезі болыстарынан Қостанай округі құрылды 17 қаңтар 1928: Қазақ АКСР-індегі барлық губерниялар жойылып, орнына 13 округ құрылды Адай округі - Ойыл ауылы Ақмола округі - Ақмола қаласы Ақтөбе округі - Ақтөбе қаласы Алматы округі - Алматы қаласы Гурьев округі - Гурьев қаласы Қарқаралы округі - Қарқаралы қаласы Қостанай округі - Қостанай қаласы Қызылжар округі - Петропавл қаласы Қызылорда округі - Қызылорда қаласы Орал округі - Орал қаласы Павлодар округі - Павлодар қаласы Семей округі - Семей қаласы Сырдария округі - Шымкент қаласы 10 мамыр 1928: Қызылжар округінің атауы Петропавл округі болып өзгерді 10 сәуір 1929: Адай округі жойылды 17 желтоқсан 1930: Қазақ АКСР-інің барлық округтері жойылып, аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді 10 наурыз 1932: Қазақ АКСР-інде округтердің орнына 6 облыс құрылды Ақтөбе облысы - Ақтөбе қаласы Алматы облысы - Алматы қаласы Батыс Қазақстан облысы - Орал қаласы Қарағанды облысы - Петропавл қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласы Шығыс Қазақстан облысы - Семей қаласы 1 шілде 1933: Гурьев округі қайта құрылды 4 шілде 1934: Қарқаралы округі қайта құрылды 29 шілде 1936: Қарқаралы округі жойылды. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары құрылды. Қарағанды облысының орталығы Петропавлдан Қарағандыға көшірілді 5 желтоқсан 1936: Гурьев округі жойылды 15 қаңтар 1938: Гурьев, Қызылорда және Павлодар облыстары құрылды 14 қазан 1939: Ақмола, Жамбыл және Семей облыстары құрылды. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семейден Өскеменге көшірілді 16 наурыз 1944: Көкшетау және Талдықорған облыстары құрылды 6 маусым 1959: Талдықорған облысы жойылды 26 желтоқсан 1960: Тың өлкесі құрылды. Ақмола облысы жойылып, аумағы өлкенің тікелей басқаруына өтті 24 сәуір 1961: Тың өлкесі құрамында орталығы Целиноград қаласында Целиноград облысы құрылды Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград) 3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды: Батыс Қазақстан өлкесі - Ақтөбе қаласы (Ақтөбе, Гурьев, Орал) Оңтүстік Қазақстан өлкесі - Шымкент қаласы (Жамбыл, Қызылорда, Шымкент) 1 желтоқсан 1964: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері жойылды 19 қазан 1965: Тың өлкесі жойылды 23 желтоқсан 1967: Талдықорған облысы қайта құрылды 23 қараша 1970: Торғай облысы құрылды 20 наурыз 1973: Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылды 2 маусым 1988: Маңғышлақ және Торғай облыстары жойылды 17 тамыз 1990: Маңғыстау (бұрынғы Маңғышлақ) және Торғай облыстары қайта құрылды

Қазіргі заман

21 ақпан 1992: Гурьев облысы Атырау облысы болып өзгертілді 6 шілде 1992: Целиноград, Орал, Шымкент облыстарына бұрынғы Ақмола, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан атаулары қайтарылды 22 сәуір 1997: Талдықорған, Торғай облыстары жойылды 3 мамыр 1997: Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары жойылды 10 желтоқсан 1997: Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы ретінде ресми түрде жарияланды 6 мамыр 1998: Қазақстанның елордасы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді 8 сәуір 1999: Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 3 аудан Көкшетау қаласымен бірге Ақмола облысына берілді. Ақмола облысының орталығы Астанадан Көкшетауға көшірілді 14 сәуір 2001: Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілді 19 маусым 2018: Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға жатқызылып, облыс орталығы Түркістанға көшірілді

23 наурыз 2019: Қазақстанның елордасы Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді 8 маусым 2022: Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласына көшірілді. Жаңадан 3 облыс құрылды: Абай облысы - Семей қаласы Жетісу облысы - Талдықорған қаласы Ұлытау облысы - Жезқазған қаласы 17 қыркүйек 2022: Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылды

Дереккөздер

Герб Жетысуской области Казахстана.
Eset Daurenbaev · Public domain

Тағы қараңыз

Қазақстан аудандары Қазақстан қалалары Қазақстан кенттері Қазақстан ауылдық округтері

Қазақстан әкімшілік бірліктері және олардың орталықтары
AsetKeyZet · CC BY-SA 4.0
Coats of arms of Kostanay Province
Template:Евгений Куриной, Гаухар Утаралиева, Науан Ибраев · Public domain
Логотип Павлодарской области. Утверждён областным маслихатом 1 октября 2011 года.
Касымхан Жапанов · Public domain
Change of Kazakh Oblast names and boundaries over time
Max.ito · CC BY-SA 4.0