Shejire

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1971)

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

1971 жылғы 22 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.

Жетекшілігі

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Бәйкен Әшімұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Артем Мисакович Вартанян. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қали Біләлов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Михаил Иванович Ильин. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Михаил Георгиевич Моторико. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Қамалбай Кетебайұлы.

Министрлер

Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Шырақбек Қабылбайұлы. Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Кенжәлі Айманов. Қазақ КСР Геология министрі — Александр Тимофеевич Ситько. Қазақ КСР Дайындық министрі — Мұзаппар Дайыров. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Төрегелді Шарманұлы. Қазақ КСР Мәдениет министрі — Мүсілім Базарбаев. Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Уағыз Ғалымұлы Ибраһимов. Қазақ КСР Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі — Михаил Валентинович Никифоров. Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі — Сұлтан Момынұлы Сәрсембаев. Қазақ КСР Монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрі — Иван Николаевич Хохлов. Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Айтан Зияев. Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Анатолий Павлович Шеффер. Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Беркімбай Пәрімбетов. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Балжан Бөлтірікқызы. Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрі — Ысқақ Махмұдұлы Өтеғалиев. Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы құрылысы министрі — Қорған Нұрханұлы Мусин. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Рогинец. Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы министрі — Эдуард Иосифович Оржеховский. Александр Гаврилович Коркин (1972—1975) Қазақ КСР Сауда министрі — Михаил Степанович Иванов. Қазақ КСР Қаржы министрі — Илья Лукич Ким. Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Вениамин Григорьевич Береза. Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров. Қазақ КСР Әділет министрі — Бекайдар Жүсіпов. Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрі — Леонид Борисович Гончаров. Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Әнуар Хамзаұлы Жақыпов. Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Қасқатай Досұлы Қонақбаев. Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Александр Иванович Чернышов. Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Петр Семенович Наумецкий. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова.

Комитеттер төрағалары

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Иван Александрович Быстров. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы — Григорий Андреевич Мельник. Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы — Петр Семенович Канцеляристов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін және тау-кен ісін қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Рақым Байғалиев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Александр Алексеевич Брыжин. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Кеңесбай Үсебайұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік баға комитетінің төрағасы — Ғабан Смағұлұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Георгий Степанович Евдокименко. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі бас басқармасының бастығы — Жанша Әбілғалиұлы Таңқыбаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Орталық статистика басқармасының бастығы — Зинаида Павловна Троценко. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қазауылшартехника» республикалық бірлестігінің төрағасы — Алексей Семенович Батраков. Республика Министрлер Кеңесi Полиграфия жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (Мемкомбасп) төрағасы - Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов.

Дереккөздер