Shejire

Қазақ ханы Жәңгірдің Қазанда болуы

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

«Қазақ ханы Жәңгірдің Қазанда болуы» - 1826 ж. «Казанский вестник» басылымында жарияланған көлемді танымдық шығарма. Авторы университет ректоры, белгілі ғалым Карл Фукс. Жәңгір 1826 ж. орыс патшасы I Николайдың таққа отыру салтанатына қатысып, әйелі Фатима екеуі Мәскеуден Ордаға қайтар жолда 1317 қазан аралығында Қазанға аялдайды. Қаланың әкімшілігі, ығай-сығайы казак ханының құрметіне қабылдаулар, қонақасылар берген. Фукс жазбаларында университетті аралаған 25 жасар ханның өнер-білімге қызығушылығы, Ордада мектеп ашпақ арманы, жеке басының зеректігі туралы қызықты баяндалады. Жөңгірдің келбеті, мінез-құлқы, жүріс-түрысы, киген киімі сипатталады. Қазақ ханы өзінің жаңішыкка құштарлығымен профессор Фукске, шығыстанушы ғалым Казембекке ерекше әсер қалдырады. Білімін өздігінен жетілдірген Жәңгірдің қазақ, орыс, парсы, араб тілдерінде сөйлеп, жаза алатыны өсы еңбекте нақты айтынады. Университетті аралаған өсерінен кейін Жәңгір:

«Біздің қазақтың да білім алын, қараңғылық хадден шығар кезі жетті, б9л істің бастамасын мен училище ашу арқылы жүзеге асырмақпын» деп мәлімдейді. Еңбекте одан әрі Бөкей хандығы, Жәңгірдің әулеті, әйелі Фатима таныстырылып, қазақ хандарының шежіресі туралы әңгімеленеді. Аталған шьггармада бүгінгі зерттеушілер үшін қызықты, тосын деректер мол. Мыс., Жәңгірдің осы сапарындағы аз ғана нөкері арасында кейің оған қарсы көтеріліс бастаған Қайыпқали сұлтан Есімұлы болған.

Дереккөздер