Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы 40 жыл күресі
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
«Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы 40 жыл күресі» (1797-1828) - Л.Ф.Рязановтың монографиясы. 1926 ж. «Қазақстанды зерттеу қоғамы» баспасынан орыс тілінде жарық көрді. 2 бөлімнен тұрады.
Мұнда Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалысы тарихынан очерктер берілген. Әр тараудың соңында архив материалдарының тізімі бар. Очерктерде ел билеген сұлтандар қызметі, рулық қақтығыстардың пайда болуы, (Ішкі) Бөкей ордасындағы халық толқуы, Қаратай сұлтанның тақ үшін күресі және т.б. уақиғалар қамтылған.