Shejire

Қазақ халқының 1000 әні

GelenekGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

THE CELEBRATION OF THE DELPHIC GAMES – THE GRAND FINALE OF ITB BERLIN 2010
Musical Band Beles, Kazakhstan: Inspired the audience with Kazakh traditional music, a lively show in national costumes.
International Delphic Council www.delphic-games.com · CC BY-SA 3.0

Қазақ халқының 1000 Әні – музыкалық-этнографиялық жинақ.

Оған енген халық мұраларын А.В.Затаевич 1920–1924 жылы аралығында жинап, нотаға түсірген. 1925 жылы 1-басылымы Орынбор, 1963 жылы 2-толықтырылған басылымы Мәскеу қалаларында (Музгиз) жарық көрген. Соңғысына Қазақстан ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары араласып, көптеген әндердің мәтіндерін қалпына келтірген. 1-басылымына А.Д.Кастальский мен Затаевич алғы сөз жазса, соңғысына Б.Г.Ерзаковичтің кіріспесі қосылған. Кітап соңына қосымшалар, көрсеткіштер, ән мәтіндері, олардың аудармалары, түсініктер берілген. Жинақта қазақтың халық әндерімен қатар Естай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, т.б. көптеген белгілі ақын-композиторлардың елге танымал әндері алғаш нотаға түсірілген.

Жинақ тек қана ән үлгілерімен шектелмейді. Оған С.Сейфуллиннің орындауындағы «Тоқа», «Терісқақпай» күйлері, сондай-ақ «Ілме күй», «Боғда», «Қос алқа», «Мерген күй», «Ақсақ құлан», «Тепең көк», қобызға арналған «Ащы көл», «Қазақтың әскери маршы», «Итерме», «Сары бақсы», т.б. күйлер де енген. Қазақ ән-күйлерінің сарқылмас қазынасы саналатын «Қазақ халқының 1000 әні» – дүниежүзілік маңызы бар кітап. Онымен кезінде француз жазушысы әрі музыка зерттеушісі Р.Роллан, М.Горький, т.б. танысып, аса жоғары бағалаған. Н.Мясковский, С.Прокофьев, С.Василенко, М.Штейнберг, В.Власов, т.б. композиторлар ондағы әндерді өз шығармаларында пайдаланған. Барлығы 23 күй, 977 ән енген.

Дереккөздер