Қасқа
KişiGüncelleme: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Қасқа, Баймағанбет (1810 – 1860) – би. Сыр өңірі қазақтарын Қоқан хандығы билеген тұста ел бірлігін сақтауда әділдігімен, батылдығымен аты шыққан. Қасқаның бес ұлынан (Молжігіт, Жанжігіт, Мәнгүл, Биназар, Әлімбай) өсіп-өнген ұрпақтары қазіргі кезде негізінен, Шиелі ауданының Төңкеріс ауылында тұрды.