Shejire

Қаршығалық

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қаршығалық – ортағасырлық қала орны.

Орналасқан жері

Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында.

Сипаты

1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) зерттеген. Қазіргі орны тікбұрышты, ауданы 120x130 м, биіктігі 2 м қорғанының құландысы сақталған. Қақпасы солтүстік жағындағы бұрышта, кеңдігі 10 м. Қала айналдыра ені 10 м, терендігі 1 м ормен қоршалған. Қаланың ішінде құрылыс жүйесінің іздері байқалмайды. Солтүстік-шығыс қабырғаның орта тұсында 40 м жалпақ ұзынша келген төбе көрінеді. Сол сияқты оңтүстік-батыс жағындағы дуалдан 80 м, солтүстік-батыс жағындағы дуалынан 100 м кашықтықта бір төбешік жатыр. Шамасы өз кезіндегі тұрғын жайлардың орны болу керек. Ол айналдыра дуалмен қоршалған. Әрбір 50 м-ден кейін мұнара жасалған. Осы арадан көптеген ас дайындайтын қыш ыдыстар табылған. Құмыралардың ыдыс жасайтын шеберханада жасалғандары байқалады. Олардың ауыздарының кеңдігі 30 см. Ыдыстардың ішінде керсендердің сынықтары көптеп кездеседі. Осылардан басқа түрлі ыдыстар мен бұйымдар (дастарқан, тағар, тостаған, т.б.) сынықтары жинастырылған. Алынған мәліметтерге қарағанда, Қаршығалықты халық X-XII ғасырларда мекендеген. Олар Отырар төңірегіндегі елді мекендермен мәдени-экономикалық байланысқа түсіп отырған.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
орта ғасыр
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай