Қарлығаш
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
«Қарлығаш» — Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнінің желісімен орындалатын қазақ биі. Биді 1944 жылы балетмейстер Юрий Ковалев «Абай» опера театрында алғаш қойды. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы баяу, лирикалық сазды. Би сюжетінде сүйген жігітін күткен қыздың жабырқаған кө-ңілін құрбылары жұбатып, оны ақыр соңында жігітімен табыстырады. Бұл биді эстрада бишілері мен әуесқой ансамбльдер жиі орындайды.