Shejire

Қаратөрткүлтөбе

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қаратөрткүлтөбе – ортағасырлық қала орны.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

Қаланы 1936 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі мен КСРО ҒА Материалдық мәдениет тарихы институтының археологиялық экспедициясының (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов), 1985 жылы Тараз археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов) зерттеген.

Сипаты

Қазіргі орны солтүстіктен оңтүстікке қарай 270 м-ге, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 200 м-ге созылып жатқан дөңес тұрпатты төбешік. Оның ең биік бөліктері: солтүстік-батысы 5 м, оңтүстік-шығысы 4,4 м. Қала периметр бойынша мұнаралардың іздері сақталған қабырғалармен қоршалған. Кірер жері қабырғаның оңтүстік бөлігінен аңғарылады. Орталық бөлігі ұзындығы 7,5 км-ге жуық қабырғамен қоршалған аумақ ішінде орналасқан. Оның солтүстік бөлігі ортасынан 1 км, оңтүстік бөлігі 0,55 км, оңтүстік-шығысы – 0,45 км алшақтықта жатыр. Қабырғаларының ені 10–15 м, биіктігі 0,8–1 м. Қала орнынан саптыаяқ, қазан, тостаған, көзе, т.б. қыш сырлы және сырсыз ыдыстар табылды. Ыдыстарға түрлі ою-өрнектер салынған. Алынған материалдарға қарағанда Қаратөрткүлтөбені тұрғындар VI-XIII ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
VI-XIII ғасырлар
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай