Shejire

Қараспантөбе-І

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қараспантөбе-І – ортағасырлық қалашық орны. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ынталы елді мекенінің оңтүстік шетінде орналасқан. Оны 1960, 1972 жылы бұрынғы Шымкент педагогика институты (қазіргі Халықар. қазақ-түрік университетінің Шымкент институты) археол. экспедагогика тобы (жетекшісі Н.П.Подушкин) зерттеген. Ескерткіштің Оңтүстік-шығыс бөлігін өзен суы шайып кеткен. Қазіргі орны аумағы 3 га, биіктігі 3–3,5 м рабадтан, диам. 70–75 м, биіктігі 7 м қамал төбелерден тұрады. Қаланы қоршай салынған қабырғаларының орны қазір биіктігі 1,5 м төбешік. Оның батыс және шығыс жақтарынан кіретін қақпалары болған. Жинастырылған материалдар: қыш ыдыстар, дән үккіш, қайрақ тастар, т.б. Алынған заттарға қарағанда, тұрғындар қалашықты 10–17 ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Кейбір зерттеушілер (Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич) Қараспантөбе қалажұртын ортағасырлық Қарасаман қаласымен бір деп қарастырып жүр. Мұнда Низамаддин Шами мен Шараф-ад-дин Йездидің дерегі бойынша 1392 жылы әмір Темір Тоқтамыс ханның елшілерін қабылдаған. Ал, Хафиз Таныштың айтуынша, 1581 жылы Абдаллах ханның әскерінің бір бөлігі мен арбалы керуендері осы жерде болған.

Дереккөздер: