Shejire

Қайырбек Оразов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қайырбек Оразов(29.4.1946, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Дайындық ауылы – 14.7.2001, Астана қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1998). Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.

Оқу жолы

Мәскеу жоғары техника училищесін бітірген (1969).

Жұмыс жолы

Қарағанды политехника институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техника университеті) оқытушы, аға оқытушы, доцент (1969–1981), осы институттың Петропавл қаласындағы бөлімшесінде декан (1981), бөлімше директоры (1982–1996); 1996 жылдан ҚР Үкіметі аппаратында қызмет атқарған.

Ғылыми еңбектер

«Разработка теории и инженерных методов расчета противоударных защитных устройств цепных конвейеров и самоходных платформ» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам өнертабыстың иегері.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri