Shejire

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Kairat Ryskulbekov Trade Union Membership Card, 1986 (Almaty Museum)
Yakov Fedorov · CC BY-SA 4.0

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Бірлік ауылы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы – 21 мамыр 1988, Семей, Семей облысы, Қазақ КСР, КСРО) — 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы. Оған қатысқаннан кейін ең жоғарғы жаза — өлім жазасына кесілді. Одан кейін үкім 20 жыл бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Семей түрмесінде, бостандық айыру орнына бара жатқанда белгісіз жағдайда қайтыс болды. 1992 жылы өлімінен кейін ақталды. 1996 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен оған өлімінен кейін Халық қаһарманы марапаты берілді.

Өмірбаяны

Дулат тайпасының Шымыр руының Бестерек бөлімінен шыққан.

Институтқа дейін

Қайрат Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының «Көктерек» кеңшарында тұрып, жұмыс істейтін Ноғайбай және Дәметкен Рысқұлбековтердің отбасында алтыншы бала болып дүниеге келді. Новотроицкідегі(қазіргі Төле би, Шу ауданы, Жамбыл облысы) интернат-мектепте оқыған. Мектеп қауымдастығының өміріне белсенді түрде қатысқан, қабырға газетін шығарған, комсомол ұяшығының хатшысы болған. Оның інісінің естеліктері бойынша ол:

1983 жылы орта мектепті бітірді. Онжылдық жоспар аяқталған соң, ол Алматы архитектуралық-құрылыстық институтына (ААҚИ) құжаттарын тапсырды. Бірақ бірінші реттен институтқа түсе алмай, ауылына қайтып кішкене уақыт малшы болды. 1984—1986 жылдары № 33635 әскери бөлімінің десанттық әскерінде шұғыл қызметін өткерген. Қызметін сержант лауазымында бітірді. 1986 жылы әскерден үйге оралды. Әкесі Ноғайбайдың сөзі:

Государственная награда Республики Казахстан - Золотая звезда к званию "Народный герой"
www.akorda.kz · Public domain

Институт

1986 жылдың күзінде Алматы архитектура-құрылыс институтына (ААҚИ) түсті, сол институттың №1 жатақханасының 17 секциясында тұрды; әкесі Ноғайбайдың естеліктері бойынша Қайратқа оқуы қиын болатын. Институтта Қайрат студенттік кәсіби бюроның мүшесі, қоғамдық тағам бойынша бақылаушы және комсомол бірлестігінің командирі болған. Әр сенбіде бірінші курстықтар отырыстар жасайтын; үйден келген тамақпен бөлісетін, самаурында жасалған шайды ішетін, домбырада ойнайтын және Қайрат шығарған өлеңдерді тыңдайтын.

Желтоқсан

1986 жылдың 17 желтоқсанында Қайрат радиодан білген Желтоқсан көтерілісі басталды. Факультеттің деканы жыне оның орынбасарлары институттан шығуға және демонстрацияларға қосылуға қатал түрде тыйым салды. Бірақ оған қарамастан 1986 жылдың 17 желтоқсанында жатақханадағы басқа оған қосылған студенттермен бірге митингке кетті. Кейін әкесімен кездесуде ол барлығы сияқты Л.И.Брежнев атындағы алаңға ешқандай мақсатсыз барғанын мойындады. Митингіні суатқыштар арқылы тарата бастағанда, демонстранттар жазушы Олжас Сүлейменовпен кездесу үшін Қазақстан жазушылар одағының ғимаратына қарай жылжи бастады. Бірақ есіктер жабық болғандықтан ішінде Қайрат бар студенттер тобы Ленин даңғылындағы Қазақ педагогикалық институтына қарай жүгірді. Шамамен осы уақытта Рысқұлбеков мемлекеттік қауіпсіздік комитетітің қызметкерлерімен фото және видеокамераларына түсірілді.

Сот процесі

Kairat Ryskulbekov Trade Union Membership Card, 1986 (Almaty Museum)
Yakov Fedorov · CC BY-SA 4.0

1987 жылдың 1 қаңтары Рысқұлбеков 18 желтоқсан таңның 9 сағат 30 минутында Фурманов көшесі мен Абай даңғылында жасалған фотосуреттің негізінде тұтқындалды. Тұтқындалу күнінде Көктерек ауылындағы нағашы ағасының үйінде болды. Онымен бірге айыпты деп Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайжұмаев, Ертай Көпесбаев, Қайрымбаев Күзембаев кінәланатын. Күзембаевтің естеліктеріне сенсек, ол Қайратпен тек Қазақ КСР-ның жоғарғы сотына бара жатқанда ғана танысты. Оның есінде Қайраттың оны алдап халық жасақшысы Савицкийдың өлтіруін мойындауға мәжбүрлегені туралы сөздері есінде қалды. Ол камерада отырғанда бірнеше рет сотталған қылмыскерлер оны жасақшыны өлтірген үшін, милиционерді өлтіргенге қарағанда азырақ түрмеде азырақ отыратынына көндірді. Одан неге өзін жасамаған басқа адамның өлтірілуін өзіне алдын деп сұрағанда ол туысқандары мен жақындары үшін қорыққаны және олардың тыныштығы туралы ойлағанын айтты, себебі оған келіспесе отбасынды жоғалтамыз деп айтыпты. Сот процессі 1987 жылдың 25 мамыры басталды. Бірінші жиналыста теледидар өкілдері болған, бірақ үзілістен кейін олар біреудің бұйрығын тыңдап шығып кетті. Рысқұлбеков кінәланған қылмыстардың ішінде милиция сержант А. А. Алмабековке жарақаттар жасауы және халық сергегі, радиотелеорталықтың инженері С. А. Савицкийды өлтіруі болатын (Сергей Савицкий 19 желтоқсан 4.30-да қайтыс болды, ода екі бала қалды — 3,5 және 8 жастылар). Сот процессінің жүрісі қоғамдық кінәлаушы болып тағайындалған Әділбек Оразовтың арқасында белгілі болды. Оған бұған қатысты бірнеше ескерту айтылғанына қарамастан жиналыстардың стенограммасын жүргізген 1987 жылдың 27 мамыры. Алмабековтың айтуынша Рысқұлбеков оны таяқпен ұрып «Лас-лас мент, немене сен форма киіп алғансын(орыс. Мент поганый чего ты оделся в форму)» деп айғайлады. Қайрат Ленин даңғылы арқылы түсіп бара жатқанында онда таяқ болмағанын айтып, кінәсын мойындамады. 1987 жылдың 1 маусымы. 1961 жылы туылған радиотехникалық оқу орнының курсанты куәгер Магомед Гардановтың сөзінше ол демонстранттарды қоршап тұрған және сол кезде ол Рысқұлбеков мен Күзембаевты көрді. Тура сол күні куәгер Иоф Исаков Сәтбаев көшесіне қарай бара жатқан тобырды көргенін айтты, оның есінде ең қатты қалған қолында таяғы бар Рысқұлбеков. Куәгер Асқар Қаюмов оны алаңға (Бейбітшілік көшесі мен Сәтпаев көшелерінің жол айрығы) әкелгенін айтты. Ол тобыр таяқтар мен және тастар мен №18 автобусты қирата бастағанын көрді. Рысқұлбеков тобырдың алдында болып, ылғида бірдене айғайлап тұрды. Рысқұлбековтен басқа оның есінде ешкім қалмады. Куәгер Алматы ауыр машина жасау зауытының жұмысшысы Игорь Гамаюнов Рысқұлбековті сурет арқылы таныды. Гамаюновтың сөздерінше, Рысқұлбеков демонстранттар арасындағы ең белсенді болып, автобустың терезесін қиратып, сергекті ұрып тастаған. 1987 жылдың 2 маусымы. Куәгер Наталья Дарюшина аппарат терезесінен Савицкийдың ұрылуын көргенін айтты. Оның айтуынша Рысқұлбеков оның көзінше Савицкийды үш-төрт рет ұрды, ал Тәшенов пен Күзембаев таяқты қолданып ешкімді жақындатпай тұрған. Бұл 10 минут бойы жалғасты. 1987 жылдың 3 маусымы. Куәгер Василий Белолипецкий Рысқұлбеков пен басқалар автобусқа шабуылдағандарында, оларды сол жерден айдатуға тырысты, сол кезде Белолипецкий жасақшылардың біреуі тұрып, кетіп қалуға тырысқанын көрді. Оны кім ұрғанын Белолипецкий көрген жоқ, бірақ қасында тұрған Рысқұлбековті көрді. Рысқұлбеков бірінші текетіресте Белолипецкий оны танымағанын айтты. Сол кезде тергеуші барлығына артқа қарауды бұйырды, Рысқұлбековтің аяқ киімінде тег болған еді, және ол қайта бұрылғанда Белолипецкий бірден оған көрсетті. 1987 жылдың 4 маусымы. Куәгер Е. Осипова зардап шеккен Алмабековты танығанын айтты. Ол оны қалай ұрып жатқанын көрмеді, бірақ Осипова мейрамханада отырғанда ол қан-жоса болып ғимаратқа кірді, сол кезде Осипова бірден жедел жәрдем шақырды. Алмабеков барлығы осылай болғанын растады. 1987 жылдың 5 маусымы. Куәгер Петр Милованов алаңда (Фурманов көшесі мен Сәтбаев көшелерінің қиылысы) кезекшілікте болғанында көтерілісшілердің бет әлпетін жаттау керек деген бұйрық түскенін хабарлады. Оның айтуынша қаңтарда және ақпанда ол суретте тек Рысқұлбековті таныды. Оның үстіне ол фотографияларда Күзембаевқа көрсететін, ал кінәланушылардың арасында Рысқұлбековке көрсететін. Тағы ол кезекшілік күнінде және басқа мәлімдерде шатасты. Куәгер радио қызметкері Надежда Валяева студия терезесінен адамды ұрып жатқанын көргенін хабарлады. Оның көзіне ең қатты бесеуі түсті, екеуі оның есінде қалды, сол екеуінің ішінде Рысқұлбеков. 11 маусым сот пікірталасты бастады, 15 мамыр Рысқұлбеков өзінің соңғы сөзін айтты:

Қайрат өзінің кінәсін мойындамады. Оның соттаты соңғы сөзіне сәйкес — нағыз жігітке қыздарды ұрып жатқанда жәй қарап тұруға болмайды. Тағы ол соңғы сөзінде өлең оқыды, төреші мен прокурорларды әділетті болуға шақырды, оның жас екенін ұмытпауды сұрады, туысқандары мен жақындарынан кешірім сұрады, олармен қоштасты. 1987 жылдың 16 маусымы Е. Л. Грабарниктың төрағалығымен Қазақ КСР жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша соттық алқасы істі ашық жиналыста қарап шығып Қайратты ең жоғарғы жазаға — атуға үкім шығарды. Жалпы санағанда, үкімге сәйкес, Қайрат Рысқұлбековтің белсенді қатысуымен 9 көлік жағылды, тағы 153 зақымдалды, 326 милиционер және 96 әскер жараланды; ол мемлекетке 302 644 рубль сомасында зақым келтірді. Қайраттың 8 тамыздың респулика прокурорына мәлімдемесіне сәйкес, тергеудің бір күнінде, ол Республикалық МҚК-ның тергеу изоляторының №7 изоляторында болғанында, республика прокоратурасының тергеу бөлімінің бастығы Алексей Дубаев Рысқұлбеков камерасына өзінің хабарлаушысы Павел Весельевті кіргізді.

Қоштасу хатында, КСРО Жоғарғы Кеңесіне кешірім өтінішінде және прокурордың атына шағымда Қайрат өзінің Савицкийдың өліміне кінәсін толықтай жоққа шығарды және тергеу жүргізудің дұрыс емес тәсілдеріне, өтірік куәлерге, обьективсіздікке шағымданған. Туысқандарына жазған соңғы хатында Қайрат былай жазған: 1983 жылдың 23 сәуірі КСРО Жоғарғы Кеңесі прездиумының үкімімен өлім жазасы бас бостандықты 20 жылға айруға ауыстырылдыы. Мұхтар Шаханов комиссиясының заңгерлерінің қорытындысы бойынша аффект кезінде туысқандарына жазылған хатта ол былай жазған:

Өлімі

Қайрат кезең-кезеңмен Қарағандыдан Свердловскқа (қазіргі Екатеринбург) бару керек еді, бірақ бастапқы жол бағыты белгісіз себептермен ауысып, ол басқа түрмеге түсті. 1988 жылдың 21 мамыры жаза өтеуге Ивдель қаласына барар жолда ол Семейде құпиялы жағдайда қайтыс болды. Тергеудің ресми нұсқасы бойынша Рысқұлбеков камераластың майкасында асылып өлді. Өлімінен бір күн бұрын оның камерасына 1953 жылы туған, алты рет сотталған қылмыскер Леонид Кимович Власенко кіргізілді, ресми нұсқа бойынша оның майкасында Рысқұлбеков асылды. Сарапшылардың қорытындысында Рысқұлбеков қашан өмірден кетті, қанша уақыт асылып тұрды, стангуляциялық бороздың характері қандай болды және ол қандай затпен жасалды деген сұрақтарға толық жауап берілмеді. Тағы да егер оның камерада тұрған сөмкесінде өзінің екі майкасы болса, Рысқұлбековке не үшін ол кейін асылған Власенко берген майка керек екені түсініксіз болып қалды. Қайрат Семейде жерленді, ата-анасына баласының денесін отанына қайтаруға рұқсат берілмеді.

Ryskulbekov Monument in Taraz
Yakov Fedorov · CC BY-SA 3.0

Ақталуы

КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Мұхтар Шахановтың КСРО халықтық депутаттар сьезінде және КСРО жоғарғы кеңесінің сессияларындағы сөздері мен талаптарынан кейін, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің прездиумы 1986 жылғы Алматыдағы және басқа да облыстардағы желтоқсан оқиғасын соңғы рет бағалау үшін комиссия ұйымдастырды. Комиссия жұмысына 200-ден астам әртүрлі маман-сарапшылар тартылды. Ол сарапшылардың құрамына заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, философтар, демографтар, экономисттер, практикалық прокуратураның, юстиция министрлігінің, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, бұрынғы МҚК қызметкерлері, шығармашылық интелегенция мен қауымдастық ұйымдардың - комсомолдың, кәсіподақтардың және халықтық депутаттар кеңесінің өкілдері кірді. Мүшелер және сарапшылар ретінде тағы да қауымдастық құқыққорғау ұйымдарының - Лативилық адам құқықтары бойынша лигасы, Қазақстанның адам құқықтар бойынша қоғамдық комитеті, Арал, Балқаш және Қазақстан экологиясының мәселесі бойынша қоғамдық комитеті, Невада-Семей ядерге қарсы қозғалысы мен басқалардың өкілдері қосылды. Комиссиядағы төрт тәуелсіз сарапшы Рысқұлбековтың қылмыстық ісің зерттеп, үкімдер заңсыз деген қорытындыға келді. Бұл оймен тағыда КСРО прокуратураның бригадасының басқарушысы В. Гаев келісті. Комиссия энергетикалық техникумның қолдарына алаңда қолдарына түскен сигналды зымырандар мен басқада арнайы құралдарды қолданған студенттеріне қарсы қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ бұл қылмыстық іс студенттер тергеушілерге керек куә берген соң, прокуратурамен тоқтатылғанын анықтады. Тағы да Рысқұлбеков өзіне қол жұмсау факті күмәнге қойылды. 1992 жылдың 21 ақпан Қайрат Рысқұлбеков толықтай ақталды. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбеков қайтыс болғанынан кейін Қазақстан президентінің жарлығымен Халық қаһарманы марапатымен және Отан орденімен марапатталды.

Есімінің ұлықталуы

1992 жылы «Емен бұтақтары» атты Қайрат Рысқұлбековтің өлеңдері мен күнделікті жазбаларының жинағы басылып шығарылды. 1996 жылы режиссёр Қалдыбай Абенов 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы Аллажар фильмінің түсірілімін аяқтады. Фильм Азат атты, түрмеге қамалып, тергеушілердің қорлауынан және бақылаушылардан өткен ұл туралы. Азаттың прототипі - Қайрат Рысқұлбеков. Таразда оның атына аталған саябақтың кіреберісінде 1996 жылдың 17 желтоқсаны оған ескерткіш ашылды. 2018 жылдың 27 қазаны толық бойлы жаңа ескерткіш қойылды. Оның ашылуында Қайраттың әпкесі Гүлнар Рысқұлбекова болды. 2002 жылдың желтоқсанында Семейде Қайрат Рысқұлбековтің Жанболатов Мұратбек атты мүсінші жасаған мүсін ашылды. Ода Қайрат қамаудан қашып бара жатқан болып көрсетілген. Ашылу рәсіміне Қайраттың анасы - Дәметкен Рысқұлбекова келген. Тура сол күні Рысқұлбековтің қабіріне жаңа құлпытас қойылды. Тағы да Семейде Қайрат Рысқұлбековтің атымен № 33 мектеп аталған, ол мектепте оған арнап жасалған мұражай және «Жас Қайрат» балалар ұйымы бар. Алматыда оның атымен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (бұрынғы Алматы архитектуралық-құрылыстық институты (ААҚИ), онда Рысқұлбеков оқыған) орналасақан көшеге оның аты берілген.

Әдебиет

Шымкент қаласындағы Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткіш-тақта
Bekbal · CC BY-SA 4.0

Желтоксан — 86. Кн. 6. Статьи и публикации за 1986—1995 годы / [сост. Б. Абдыгалиев и др.] — Алматы: ОФ «Фонд Алтынбека Сарсенбайулы», 2006. — 328 б. — ISBN 9965-831-00-9. (орыс.) Желтоксан — 86. Кн. 7. Статьи и публикации за 1986—1995 годы / [сост. Б. Абдыгалиев и др.] — Алматы: ОФ «Фонд Алтынбека Сарсенбайулы», 2006. — 300 б. — ISBN 9965-9999-9-6. (орыс.) Желтоксан — 86. Кн. 8. Сборник документов / [сост. Б. Абдыгалиев и басқалар.] — Алматы: ОФ «Фонд Алтынбека Сарсенбайулы», 2006. — 457 б. — ISBN 9965-9999-8-8. (орыс.) Желтоқсан-86. 2-кітап. Намыс оты алаулаған. / [Құраст. Б. Әбдіғалиев, Б. Көрпебайұлы, Н. Әубәкір] — Алматы: Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры, 2006. — 284 б. — ISBN 9965-9999-2-9. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: саясат, билік, тағдырлар. Респ. ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары — Алматы: Қазақ университеті, 2008. — 166 б. — ISBN 9965-30-564-1.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Желтоқсанға - 25 жыл Қайраттың хаты Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы.

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
Ұлты
қазақ
Анасы
Дәметкен Рысқұлбекова
Әкесі
Ноғайбай Рысқұлбеков
Қызметі
Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы
Туған жері
Бірлік ауылы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР, КСРО
Туған күні
13 наурыз 1966 (1966-03-13)
Азаматтығы
 КСРО
Қайтыс болған жері
Семей, Қазақ КСР, КСРО